Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:27

Ислам дінінің асыл құндылықтары

Дәл осындай тақырыпта Түрген ауылының А.Жексембеков атындағы орта мектепте семинар өтті жақында. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-заңгер, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану факультетінің магистрі Тимур Нүсіпханұлы, Қызылжар ауылдық Қалыбек батыр мешітінің имамы Солтанбек Қарибаев кеңейтілген баяндама оқыды. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.

 

Бүгінгі қоғамда құлшылық пен құндылықтың орнын ауыстырып алған сыңайлымыз. Себебі, құлшылық әрбір пенде үшін қажет. Ал құндылық жалпы адамзат баласына тән дүние. Сондықтан құлшылықты емес, адами құндылықты насихаттауда осалдық танытып отырған жайымыз бар. Бұл турасында Тимур Нүсіпханұлы:

– Барлық діндер негізінде құндылықтармен келген. Діндердің мақсаты да сол, адамдардың бойына асыл құндылықтарды қондыру. Ал Ислам – тұла бойы тұнған құндылық діні. Осыны ұғынбағандар Исламды құндылықпен емес, құлшылықпен түсінгеннен кейін қазіргідей күйге түсіп отырмыз. Себебі, теріс пиғылдылар құлшылығың жоқ болса, сен мұсылман емессің деп жастар санасын сарсаңға салады. Мысалы, Құранда Алла «намаз оқыңдар» деп міндеттейді, ал қалай оқу керектігі жайлы айтылмайды. Оны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінің сүннетінде түсіндіреді. Ал Құранда құндылыққа ерекше мән берілген. Айталық, сәлемдесу туралы: «Ассалаумағалейкум!» деген адамға «уағалейкум-ассалам» деп жақсылықпен қайтарыңдар деп Құранда бекіткен. Яғни, амандасу да үлкен құндылық. Неліктен? Өйткені, сәлемі түзудің – ісі де түзу болады. Бұрындары бұл құндылық әрбір ауылда сақталған еді. Қазір ше? Амандасуды былай қойсақ, кейбір жастарымыз үлкендерді қағып-соғып өтіп кетеді. Міне осындай құндылықтарымыз жойылған сайын ата дінімізден де алыстап барамыз. Себебі, Исламды толтырған – асыл құндылықтар, – деді.

Мінберге көтерілген Солтанбек Карибаев салты сара, дәстүрі дара, иманы берік елге бақ-береке орнайтынын сөз етті. Ата дәстүріміз бен дін Исламның арасындағы өзара тығыз байланысты жан-жақты түсіндіріп берді.

Жиынды қорытқан «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Ж.Мұхамедов шараның мақсатын түсіндіріп, барша қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыс етті.

 Өз тілшіміз.

Оқылды 4101 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет