Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 11:38

Жанашырлықтан туған жолдар

 

Әлеуметті әбігерге салып, талайдың түн ұйқысын төрт бөлген коронавирус дерті күн тәртібінде күйіп тұр. Әйткенмен, ауруды ешкім сұрап алмайды, сол секілді індет те айтып келмейді. Ел арасында тәжді вирус деп аталған бұл кесел елімізді ғана емес, әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда. Экономикасын былай қойғанның өзінде мемлекет күретамыры халқының басына ауыр күн тудыруда. Мыңдаған адам өмірін жалмап, миллиондардың денсаулығын мүжіп, емхана төсегіне таңып қойды. Ендігі кезек, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей осынау сын сағатынан аман өту.

Әдеттегідей өзінің мол тәжірибесі мен ақыл-кеңесін еліне арнаған Елбасымыз, NurOtan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуі көп адамға ой салды. Соның ішінде маған да. Мойындау керек, қазіргі бұлаңдаған түлкідей бұлдыраған заманда Мұқағали айтпақшы «Қариялар азайып бара жатыр». Шалдар жетерлік, әйткенмен ақылымен асқан абзал ақсақал, қадірлі тасқан қария жоқтың қасы. Елбасымыз өзінің «Ұлы дала ұлағаттары» кітабында: «Қарттықтың қадірлісі – озық дәстүрлерді, халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауға өзіндік үлес қосу» деп тамаша айтқан. Бүгінгі Үндеуінде де осы сөздерін өзі дәлелдеп тұрғандай. «Мен өз сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын:халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар» дейді Елбасы.

Рас, қарт тарихқа жас буын ретінде көз сүзсем, қай кезеңде де қазыналы қариялар елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырған. Дауды әділ шешкен, пайым-парасаттылығымен дара тұрған көштен. Аталы сөзінен баталы ойдың легі ескен. Міне, туғанына тартпауымен көпке үлгі, жасқа тәлім берген. Соның нәтижесінде абыз ақсақал деген абыройға ие болған.

Мойындау керек, ел басына күн туып, етектен қан кешпесек те ұлт саулығына қауіп төнген қазіргі алаң-елең кезеңде қазыналы қарттардың қолдауы ауадай қажет. «Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» деген мейірлі сөздері әрбірімізге жігер сыйлап отыр. «Ауылыңда төбе болса – ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қария ұлағатты болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген бабалар нақылы осындай айтылса керек. Одан қалса, «Біз біртұтас елміз, бірлігі бекем жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да Сіздермен біргемін» деген сөздері шынайы жанашырлықтың, қамқорлықтың көрінісі.

Қазақ қашаннан сөзге тоқтап, әр ісін бастарда ел ағаларынан бата алып отырған. Айталық, Төле бидің Қойгелді биге берген батасы, анасының Райымбек батырға берген батасы, Шәукеннің Бөлтірік шешенге берген батасы, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға, Қарасай батырдың балаларына,

Кененнің келіндеріне берген ақ ниет, ізгі баталары халық жадында. Тіпті, Елбасымыз да президенттікке сайланған сәтінде қазақтың данышпан ақыны болған, ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбеновтен бата алғаны тарих парағында таңбаланды.

Яки, Елбасының бұл үндеуі осынау қиын сәтте жас буынға, біздерге, халқына берген ақ батасы деп түсіндік.

Жаратқан елімізді осындай індеттен аман алып шығарына кәміл сенеміз. Бастысы, Елбасы айтпақшы, белімізді бекем буып, бірлігімізден айырмасын!

Қайнар Жұмағожа,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты,

«Мәңгілік ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы

Оқылды 3168 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жанашырлықтан туған жолдар Жанашырлықтан туған жолдар »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет