Жексенбі, 12 Сәуір 2020 15:21

Талдықорғанға шет елден келген 43 жолаушыдан коронавирус анықталмады

Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келген 43 жолаушыдан коронавирус індетіне алынған сынама теріс нәтиже көрсетті.

«Талдықорғандағы «Меруерт» қонақ үйіне орналастырылған 43 адамның барлығының коронавирусқа алынған сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Ертең не болмаса келесі күні олар біздің қаладан қайтады», - деп жазды Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Нұр Қанатұлы Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 11 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға 135 жолаушысы бар ұшақ түнгі сағат 21:30-дар шамасында ұшып келді. Олар Талдықорған қаласындағы «Меруерт» қонақ үйі мен Текелідегі шипажайға орналастырылған.

Барлығының денсаулығы тексеріліп жатыр.

Нұр Қанатұлының тілшімізге берген ақпаратына сәйкес, 43 жолаушы полиция, санитария мамандарының қадағалауымен алдағы 1-2 күннің ішінде үйлеріне жеткізіледі.

Автор Самал Қабышева 

Оқылды 3761 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет