Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 09:38

Улы химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі профилактика шаралары

Улы химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі  профилактика шаралары google.kz

 

Айналамызда көзге көрінбейтін «жаулар» жасырынып жүр. Олар - түрлі жәндіктер мен кеміргіштер не басқа да зиянкестер болуы мүмкін. Бұлар адам денсаулығына өте қауіпті.  Сонымен бірге, психологиялық және эстетикалық тұрғыдағы мәселе туындатуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жәндіктерді жою барысында тұрғындар арасында улану оқиғалары жиілеп кетті. Ал кейбір жағдайларда оның арты өлімге алып келген оқиғалар да тіркелген.

Дезинсекция - зиянды жәндіктерді (бүрге, тарақандар т.б.) жою. Кейбір кезде өрістерді өңдеуге арналған инсектицидтерді қолдану жағдайлары да кездеседі.

Әртүрлі жәндіктер және кеміргіштермен күресудің неше алуан әдістері қолданылады. Солардың бірі әрі ең тиімдісі – химиялық әдіс. Тұрмыстағы тіркелген улану жағдайларын талдау кезінде жәндіктерді жою үшін аэрозоль түріндегі заттардың қолданылғандығы және сақтық шаралардың сақталмағандығы анықталған.

Көптеген тұрғындар бұл проблемамен жеке күреседі. Ал оларға сауда орындары жәндіктерді және кеміргіштерді жою үшін улы химикаттардың көптеген түрлерін ұсынады. Улы химикаттарды сатып алғанда оның таңбалауына, пайдалану нұсқамаларына назар аударыңыз немесе осы қызмет түрін көрсететін ұйыммен келісім-шарт жасасыңыз.

Барлық заттарды мұқият пайдаланбаған жағдайда терінің қызаруы, бөртпелер және қышу түрінде жергілікті аллергиялық реакцияны тудыратын тітіркендіргіш және токсикалық әсерлер беруі мүмкін. Улану кезінде жалпы әлсіздік, тұншығу, жөтел, жүрек айну, құсу, бас айналу сияқты белгілер де пайда болады. Жоғарыда көрсетілген белгілер пайда болған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Зиянкестерді жоюдың кез келген құралдарын өңдеу кезінде тамақ ыдысын пайдалануға, темекі шегуге, ішімдік ішуге және тамақ жеуге болмайды. Уланудың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

  1. Барлық тауарларда қауіпсіздікті растайтын құжаттар болуы керек, Сіз оны сатушыдан (реализатор) немесе осы қызмет түрін көрсететін жұмысшыдан сұрауға құқылысыз.
  2. Заттар жалпыға пайдалану үшін қол жетімсіз қараңғы бөлмелерде сақталуы керек.
  3. Өңдеу жұмыстарын жүргізер алдында барлық көршілеріңізді хабардар етіңіз, мүмкіндігінше желдеткіш саңылауларын қолда бар кез келген құралдармен (газет, қағазбен) жабыңыз. Тамақ өнімдерін, балалардың ойыншықтарын, киім-кешектерді қол жетпейтін жерлерде немесе тығыз жабық контейнерлерге салыңыз.
  4. Агрессивті химикаттармен жұмыс кезінде резеңке қолғап, дәке маскасы, алжапқыш секілді жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
  5. Өңдеу жұмыстарынан кейін жуғыш ерітінділерді қолданып үй-жайларды жақсылап жуыңыз және бөлмені желдетіңіз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы тек Сіздің қолыңызда.


А.Уразембекова,

Еңбекшіқазақ аудандық Тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының жетекші маманы            

Оқылды 2968 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет