Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 11:56

Біз біргеміз

Төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан халыққа көп көмек көрсетілуде. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар ғана емес, карантин уақытында табысынан айырылған әр адам 42 500 теңге ақшалай жәрдемақы алса, оның сыртда коммуналдық қызмет шығындарын төмендету, өтеу, сондай-ақ несие төлеу уақытын кейінге шегеру және тб көмек беріліп келеді. Әрине, үкіметтен жасалған мұндай шараларға халық та өз кезегінде разылығын білдіріп жатыр.

Жарықбасов Солтанбай, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Елімізде пандемия мен COVID 19 таралуымен байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарына ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге жәрдемақы төлеу туралы Жарлығы қабылданды. Мемлекет атынан бұл әлеуметтік қолдауға 3 миллионға жуық қазақстандық ие болады. Қазіргі таңда халықтың басым көпшілігі көрсетілген жәрдемақыны алып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Сонымен қатар 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланды, ел үшін мұндай қиын-қыстау кезде олардың көмегіне баға беру өте қиын.
Еріктілер өз денсаулығына қауіп төндіре отырып, карантин салдарынан жұмыссыз қалған мұқтаждарға азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен әлеуметтік көмек көрсетуде.
Банктерге өсімақыны есептемеу және несиені кешіктіріп төлеу мерзіміне қалдыру мүмкіндігі туралы тапсырма берілді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде қабылдаған барлық шаралары өз халқына деген қамқорлыққа толы. Бұл жағдайда мен Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы әскери адам ретінде мемлекет басшысының қабылдаған барлық шешімдерін жоғары тәжірибелі қолбасшы ретінде бағалаймын.
Тәртіпке бағынып, арнайы органдардың жұмысына кедергі келтірмейік! Бәріміз бірігіп, бірлесіп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынымызға мен сенемін!

Роза Исатаева, «Еңбекшіқазақ ауданының Әйелдер одағы» қоғамдық қорының төрайымы:

Қазіргі қиын қыстау шақта мемлекеттен барлық көмек кең көлемде көрсетіліп жатыр. Карантин режиміне байланысты табысынан айырылған жұртқа 42 500 теңгенің берілуі де – үкіметтен жасалған үлкен көмек. Оның сыртында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне карантин кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін төмендету бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырып, бүгінде көпшіліктің коммуналдық қызмет шығындарын өтеп беріп жатыр. Сондай-ақ  бүгінде ауданымызда 1846 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы күнге дейін бұл отбасындағы балаларға 1-3 жас аралығында және 3-6 жас аралығында деп екі топпен әлеуметтік пакеттер берілетін. Қазір 6-18 жас аралығын қосып, ондай отбасыларға тағы да 5302 теңге қосымша төленуде. Сонымен осы күнге дейін 1-3 жас аралығында 609 бала, 3-6 жас аралығында 698 бала және 3284 балаға 5302 теңгеден көмек көрсетілді. Мұның өзі – қазіргі уақытта көңілі елең-алаң отырған халық үшін үлкен демеу. Сондай-ақ жер-жерде қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік таратылуда. Мұның барлығы біз біріксек, алынбайтын қамал жоқтығын білдіретін қадамдар деп білемін.

 

 

Забира Байжарасова, көпбалалы ана:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен іске асырылып жатқан «Біз біргеміз» атты акциясының аясында көмекке зәру отбасыларына мемлекеттік деңгейде жүйелі көмек көрсетіліп жатқаны мәлім. Сонымен бірге, бұл бастамадан жомарт кәсіпкерлер мен ерікті жастар да шет қалған жоқ. Соның арқасында мұқтаж жандарға әр түрлі көмек көрсетіліп, олардың жағдайларын жеңілдетуде.

Мен көпбалалы анамын. Әрі жолдасым екінші топтағы, ал өзім үшінші топтағы мүгедектер қатарындамыз. Осындай жағдайымызға байланысты мемлекеттен тұрақты түрде әлеуметтік жәрдемақы мен түрлі көмектер алып отырамыз. Мемлекет басшысының үндеуінен соң жеке кәсіпкерлер мен ерікті жастар да өздерінің шама-шарқынша көмек беріп келеді. Әрине, бұған өте қуаныштымыз. Айта кетерлігі, ауылдағы көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруді ұйымдастырып, әрқашан тиісті көмектерін аямай келе жатқан ауылдық округ әкімшілігінің қызметкерлеріне де үлкес алғыс айтамын.

Отанымыздың қамқорлығы мен мейірімді жүректердің жылуы барда біз де өмірдің көшінен қалыспайтынымыз анық. Сондықтан мемлекет пен жомарт жандарға алғыс айта отырып, өз ризашылығымды білдіремін. Соңғы кездері болып жатқан коронавирусқа байланысты жағдайларға орай карантин енгізілгені белгілі. Осындай қиын кезеңде де мемлекет пен кәсіпкерлер, еріктілер барынша көметесіп жатыр. Бізде сабыр сақтай отырып бұл қиыншылықтан аман өтеріміз хақ. Ол үшін мызғымас бірлік пен сенім болса болғаны. Біз әрқашанда біргеміз!

Оқылды 3046 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Біз біргеміз Біз біргеміз »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет