Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 09:49

Мемлекет басшысының Жарлығымен ТЖ режимі жағдайында әскери қызметке шақыру мерзімі қайта қаралды

Мемлекет басшысының Жарлығымен ТЖ режимі жағдайында әскери қызметке шақыру мерзімі қайта қаралды google.kz

 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту мәселелеріне арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға спикер ретінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы, полковник Сәкен Жүсіпов қатысты.

Спикер өз сөзінде Мемлекет басшысы белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойылғанын хабарлады.

ҚР ҚК БМ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы азаматтарды әскери қызметке шақыру төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін қайта басталатынын және 31 тамызға дейін созылатынын түсіндірді. Өз кезегінде, 2019 жылдың көктемінде шақырылған әскери қызметшілерді босату төтенше жағдай режимі алынып тасталған жағдайда 2020 жылдың 30 маусымына дейін жүргізіледі. Бұл ретте шақыру және босату қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылатын және жүргізілетін болады, қандай да бір өзгерістер енгізу болжанбайды.

Анықтама: ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында 2019 жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жұмыстан шығару тоқтатылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды және жас толықтырушыларды әскерлерге жіберу тоқтатылды.

Спикер әр түрлі міндеттерді орындау үшін (патрульдеу, дезинфекциялау, блок бекеттерін күзету) төтенше жағдай режимі жағдайында 29 қалада Қарулы Күштердің 9,5 мың әскери қызметшісі қатыстырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтен босатылуға жататын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық іс-шаралар өткізуде.

Спикердің айтуынша, әскери қызметшілердің осы категориясында заттай, азық-түліктік, медициналық және қаржылық қамтамасыз ету қамтылған барлық үлес түрлері сақталады.

"Белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босатуды тоқтату және азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті С. Жүсіпов.

Шақыру науқанын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар жедел әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды ПТР-тестілеуді өткізу, сондай-ақ шақырылушыларды хабарлау және жинау, құрама пункттерде медициналық куәландыру және әскерлерге жөнелту барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Оқылды 3376 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет