"Батырлық, ерлік деген не?" деген журналист сұрағына біздің Кеңес Одағының батырлары, Даңқ орденінің толық иегерлері, қысқартып айтқанда, былай деп жауап қатқан еді кезінде: "Ерлік - қаруыңды қатты сыйлап, қолдана білу". "Қорқынышыңды жеңе біліп, жауды үрейлендір!". "Соғыса білу - ауыр еңбек, үйрену, оқы". "Ең бастысы, кімді қорғап, кімді сақтап отырғаныңды біл! Отан - біреу, отбасың - қымбат. Ұрпағың үшін қаныңды да, жаныңды да аяма!"
Осыны айтқан ерлеріміз бүгін жоқ жанымызда. Майдан шебінде қаза тапты, соғыстан кейінгі жылдары өмірден өтті. Ерліктері елге, ұрпақтарға үлгі болып қалады.
Жүнісбай Қайыпов
Неміс фашистері 1942 жылы Ленинград қорғанысын бұзып өтуге соңғы әрекет жасағанда, танкке қарсы қолданатын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов әскери шеберлік пен асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Жаудың он танкісін Жүнісбай Қайыповтың зеңбірекшілері бірінен соң бірін қиратты. Жау қарсы шабуылға төтеп бере алмай кейін шегінді. Осындай жанқиярлық ерлігі үшін Ж.Қайыпов ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Қаланы қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылдың қаңтарында 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 жылдың қаңтарында Ленинград облысының Колцы, Мотырово елді мекендерін азат ету ұрысында старшина Жүнісбай Қайыпов басқа жауынгерлермен бірге миномет батереясын, 4 дзот пен танкке қарсы қолданатын зеңбіректің үнін өшірді. Сөйтіп, жаудың алғы шебін басып алуға мүмкіндік жасады. Ал, 20 қаңтарда оның басқарған жауынгерлік тобы Новогород қаласына бірінші болып кіріп, жау қолын көп шығынға ұшыратты. Ақпан айында осындай бір кескілескен ұрыста ол ерлікпен қаза болды. Ж.Қайыповқа ерлігі үшін 1944 жылдың шілдесінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың атында Қазақстан ауылында мектеп, көше бар. Өзі туған Жаңатұрмыс ауылы Жүнісбай Қайыпов деп аталады.
Рақымжан Тоқатаев
Еңбек жолын Есiк қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерiнiң қатарына алынып, Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қа-тысып, Чехословакияны жаудан азат етуге қатысты. Старшина дәрежесiнде танкке қарсы зеңбiректiң көздеушісi болды.
1945 жылдың көктемiнде Карпат жотасында болған ұрыста 13 немiс бронды техникасын жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелi «Даңқ орденiмен» марапатталды.
«Сталинское знамя» атты майдан газетi бұл оқиға туралы 1945 жылы былай жазған: «Н… елдiмекенi маңайында болған оқиға бiздiң бөлiмге, тiптi, бүкiл әскери құрамға танымал болды. Сержант, 76 мм. зеңбiректiң көздеушісi, Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы жауынгерлiк ерлiк көрсетiп, бiр ұрыста 13 немiс танкiсi мен броньды техникасын жойды.
Түн. Кеңес жауынгерлерi автомат, мылтық, пулемет арқылы немiстерге қарсы атыс жүргiздi. Артиллерия атысқа қосылмады – оқты бұдан маңызды шайқасқа сақтады. Тез арада танк ша-буылы басталуы мүмкiн. Қарымта шабуыл сағат 14:00-де басталды. Жау, түтiн бүркеуiн пайдалана отырып, 18 бронебiрлiгiн шайқасқа шығарды. Сол кезде сақтаған артиллерия оқтары iске жарады. Зеңбiректiң көздеушісi Тоқатаев Рақымжан бұл ұрыста 13 немiс танкiсiн жойды. Әдiсшiл және ержүрек жауынгер бұл күшi тең емес ұрыста жеңiп шықты».
Соғыстан кейiн Рақымжан Абай атындағы пединститутының физика-математикалық факуль-тетiн бiтiрiп, бiлiм беру жүйесiнде дәрiс берiп, еңбек жолымен ұстаздықтан мектеп директорына дейiн өттi. Есiк қаласында Рақымжан аға директор болып қызмет жасаған мектепке және осы мектеп орналасқан көшеге Р. Тоқатаев аты берiлдi.
Төле Кенжебаев
Төле Кенжеба-ев 1942 жылдан Ұлы Отан соғысы-на қатысқан. 60- гвардиялық атты әскер полкінің жауынгері. Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревнясы жанында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізді. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алды. 30 қыркүйекте Галки селосы үшін болған ұрыста ол жаудың 2 әскерін жойды. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарда шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.9. 1944).
Петр Вихрев
Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қол-басшылығындағы 316 ат-қыштар дивизиясы жауға қарсы тұрды. Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолы бойындағы қанды қырғында панфи-ловшылардың, әсіресе Бауыржан Момышұлы басқарған құрамалардың ерлігі жауды қайран қалдырды. Сол жылдың 16 қарашасында 1075 атқыштар полкінің 28 танк жоюшылар тобы Дубосеково разьезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Осы полктің 8 гвардия ротасының саяси жетекшісі, Шелектің тумасы П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгері 5 танкі мен 2 взвод жау әскерін жойды. Қиян-кескі ұрыста Петр Борисович Вихрев жалғыз қоршауда қалып, гранатамен жаудың екі танкісінің күлін көкке ұшырды, өзі де ерлікпен қаза тапты. 1943 жылдың 31 наурызында ерлік жасап мерт болған Петр Вихревке бір жарым жылдан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Масим Разухунович Якубов
Масим Якубов 1914 жылы 25 ақ-панда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Амангелді ауылында өмір-ге келген. 1942 жылы 836-атқыштар полкында қа-тардағы жауынгер болып со-ғысқа кірген. 1943 жылдың қыркүйегінде Кеңес одағының қарулы күштері Днепр өзенінің жағасына шығып, арғы бетке батыс жағалауға шығуға дайындалды. Жау әскері өзеннің оң жағалауына мықты бекіністер салып, өзеннен өту-ге мүмкіндік бермей үздіксіз артиллерия, миномет снарядтарын жаудырумен болды. Осы жағдайда старшина Якубов құрамында болған дивизияға арғы бетке өтіп, плацдарм, яғни әскерлер шабуылын дайындайтын алаңды алып, кеңейту бұйрығы берілген болатын. 27 қарашаның түнгі мезгілінде полк бөлімшелері балықшы қайықтарымен, салмен қарша борап тұрған оқ астында 25 жауынгер өзеннен өтіп, шағын алаңға бекініп алды. Бұл топтың құрамында старшина М.Якубов та бар еді.Ержүрек жауынгерлер тәулік бойы плацдармды ұстап батальонның Днепрден өтуін қамтамасыз етті. 4 қазанда дивизия жау қорғанысының тас-талқанын шығарып, плацдармды сенімді бекініске айналдырды. Бұл операцияға ержүректікпен қатысып, жауынгерлік ерліктің үлгісін көрсеткен дивизия сарбаздарының қатарында жерлесіміз Масим Якубов та бар еді. 1943 жылы 13 қарашада қабылданған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен старшина Масим Якубовқа Батыр атағы берілген.
Николай Иванович Терехин
Николай Иванович Терехин родился 25 декабря 1901 года в с.Михайловское, ныне с.Тургень Енбекшиказахского района в крестьянской семье. В 1920 году вступил в Красную Армию, участвовал в Гражданской войне. В 1924 году окончил Оренбургскую кавалерийскую школу, стал кадровым военным. С первых дней войны в действующей армии. Сражался на Южном, Западном, Юго-Западном и Воронежском фронтах, оборонял Молдавию и Украину, участвовал в битве за Москву, Ржевско-Вяземской, Киевской и других наступательных операциях. Служил заместителем командира 5 гвардейского кавалерийского полка 1 гвардейской кавалерийской дивизии, в звании гвардии подполковника командовал 4 гвардейским Катовицким Краснознаменным полком 2-й Крымской дивизии.
Полк под командованием Н.И.Терехина особо отличился в ходе Сандомирско-Силезской и Берлинской операций. В ходе наступления на Берлин кавалеристы Н.И.Терехина захватили плацдарм на западном берегу р.Эльба близ г.Майсена и стойко удерживали его, отражая контратаки противника. Н.И.Терехин награжден двумя орденами Ленина, тремя орденами Красного Знамени, орденами Александра Невского, Отечественной войны второй степени, боевыми медалями. За личное мужество и умелое руководство полком при форсировании рек Одер, Нейссе, Шпрее и Эльба подполковнику Терехину Николаю Ивановичу было присвоено звание Героя Советского Союза.
Әлікбай Қосаев
Москва түбіндегі Дубосеково разъезінде жиырма сегіз панфиловшылар күші басым фашистермен теңдесі жоқ шайқаста жаудың 18 танкісін жойып, бір адым кейін шегінбеген ерлігі елге аян. Сол жиырма сегіздің ішінде жерлесіміз Есік ауылында 1905 жылы 11 мамырда өмірге келген Әлікбай Қосаевқа алғашқы болып батыр атағы берілген. Туып өскен елді мекенінің іргесінде тиіп тұрған Алматы қаласында еңбек етіп, өмір кешіп жүрген Әлікбай алғашқылардың бірі болып әскер қатарына әйгілі 316 атқыштар дивизиясының 1075 атқыштар полкінің 2-батальоны 4-ротаның құрамында соғысқа кірген.
Дубосеково шайқасында танктер шабуылына тойтарыс беру үстінде Әлікбай Қосаев ауыр жарақат алады. Соған қарамастан қолына бумалап байлаған гранатасымен қарсы келген танкті жарып өзі де ерлікпен қаза табады.
Төлен Қабылов
Асысаға ауылының тумасы Төлен Қабылов 1942 жылы майданға аттанды. Ол Сталинградты, Қырымды, Донды, Украинаны, Белорусьті, Литваны азат ету үшін болған ұрыстарға қатысты. Әсіресе, кешегі Кенигсберг қазіргі Калининград қаласы үшін болған шайқаста батылдығымен ерекшеленді. 1945 жылы 10 сәуірде жау басым күшпен Кенигсбергтің шығыс жағындағы Модиттен ауданы жағынан қарсы шабуылға шықты.
«Фердинанд» танктері қорға-ған жау жендеттеріне қарсы сержант Төлен Қабыловтың бөлім-шесі қарсы тұрды. Бір адым да артқа шегінбей, ерлікпен соғысуға тура келді. Төніп келе жатқан танкке Төле граната атып қиратып, өзі де мерт болды.
1945 жылдың 19 сәуірінде Төлен Қабыловқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ол бұдан бұрынғы шайқастарда ерлігімен еленіп, «Қызыл Жұлдыз», ІІІ Дәрежелі «Даңқ» орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Иван Федорович Беляков
1926 жылы 30 тамызда Есік қаласында шаруа отбасында өмірге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Бірінші Белорусь майданының 61-армиясындағы 12-атқыштар дивизиясының құрамындағы гвардиялық атқыштар полкында пулемет көздеушісі болды. Германия жеріндегі Одер өзенінен шайқаса отырып, өту операциясында ерекше көзге түседі. Осы шабуыл барысында Иван Беляков Одерден алғашқылардың бірі болып өтіп, бірнеше жау пулеметтерінің үнін өшірген. Өз пулеметі істен шығып қалғанда Иван Беляков автоматпен оқ жаудырып, граната лақтырып, өз бөлімшесімен плацдармды күні бойы жауға бермей ұстап тұрған. Осы ерлігі үшін Есік қаласының тұрғыны болған жерлесіміз Иван Федорович Беляковқа Кеңес одағының батыры атағы берілген.
Соғыстан кейін Иван Беляков көп жылдар бойы Алматы қаласындағы Ішкі істер органдарының қатарында қызмет атқарған.
Сушков Николай Семенович
(полный кавалер ордена Славы)
Николай Семёнович Сушков родился в 1922 году в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района. После семилетки с 1939 года трудился в колхозе. В октябре 1941 года призван в действующую армию. Служил наводчиком ПТР 1339 горно-стрелкового полка 318 горно-стрелковой дивизии в звании рядового. Отличился в осеннем наступлении 1944 года в бою в районе Новый Мизунь Ивано-Франковской области (Украина). Был награжден орденом Славы 3 степени. В 1945 г. Н.С.Сушков за участие в боях под г.Кошице (Словакия), где был тяжело ранен, удостоен ордена Славы 2 степени. В марте-апреле 1945 г. рядовой Н.С.Сушков под огнем противника первым ворвался в населенный пункт Охабы (Польша), поразил пулеметную точку противника, поджег самоходное арторудие и истребил его экипаж, вновь получил ранение. В 1946 г. за этот бой награжден орденом Славы 1 степени.
В 1946 году Николай Семенович демобилизовался из армии в звании старшины, вернулся на родину, в Енбекшиказахский район. Жил в с. Тургень, работал на Тургенском ремонтно-механическом заводе.
Шахворостов Сергей Михайлович
Сергей Михайлович Шахворостов родился 29 августа 1924 года в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района в семье рабочего, окончил 7 классов школы, фабрично-заводское училище. В 1942 году был призван в действующую армию. Участник Сталинградской битвы, в боях за Сталинград удостоен медали «За отвагу». В должности командира отделения саперного взвода 273 гвардейского стрелкового полка 89 гвардейской стрелковой дивизии во время форсирования Днепра обеспечивал переправу передового отряда. В ночь на 30 сентября 1943 года под огнем противника С.М.Шахворостов сделал 8 рейсов через Днепр, доставив на правый берег 50 бойцов и 30 ящиков с боеприпасами. В декабре 1943 года был тяжело ранен, демобилизован в 1944 году. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 22 февраля 1944 года за мужество, отвагу и героизм гвардии младшему сержанту С.И.Шахворостову присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда».
В 1948 году Сергей Михайлович окончил Казахский государственный институт физкультуры. Жил в г.Алматы, работал в спортобществе «Трудовые резервы». На месте форсирования Днепра установлен бюст Героя.
Қашаған Жаманқараев
Курск облысының Романова деревнясында болған шайқаста жаудың екі танкісін өртеп, қалғандарын тым-тырақай қашуға мәжбүрлеген Қа-шаған Жаманқа-раевтің 1943-тің тамызындағы ерлігі дәл сол жылғы қазан айында Украинаның Киев облысындағы Днепрдің оң жағалауындағы алынған плацдармды алып, жаудан қорғау барысында тағы екі танкті отқа орап, бір взвод фашистерді жаһаннамға жіберген батырлығы үшін гвардия аға сержанты Қ.Жаманқараевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріл-ген еді. Міне, қаракемерлік қос батырымыздың бірі қазақтың хас батыры Қашаған ағамыздың сырттан келген жаудың бетін қай-тарған ерлігі.
Ыбырайым Қалдыбаев
(Даңқ (Слава) орденінің толық кавалері)
Ыбырайым Қалдыбаев 1942 жылы майданға аттанып, туған жерге жеңіс туын желбіретіп оралды. Душанбе қаласында әскери-оқу дайындығынан өткен соң, ол 4-ші кавалериялық корпустың 61-ші кавалерлік диви-зиясындағы 13-ші жекелей атты-артиллериялық дивизонының құра-мында артиллерист-барлаушы болып, сол жылдың 19 қарашасында алғаш Сталинград түбінде ұрысқа қатысты. Бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
Жеңіс жолындағы шайқасты Ы.Қалдыбаев Орлов-Курск иінін-дегі, Днепр өзенінен өтердегі, Лоева қаласындағы қырғындарда жалғастырды. Сондай-ақ, батыр жерлесіміз І-ші Белорусь майданының құрамында Мозырь, Варшава қалаларын азат ету ұрыстарының бел ортасында жүріп, ерлігімен ерекшеленді. Эльба өзені жағасында соңғы шайқасқа қатысып, ауылға аман-есен оралды. Отан қорғау барысында ерліктері ескеріліп, «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Бұл деген Кеңес Одағының Батыры атағымен тең еді. Бірнеше медальдармен, сондай-ақ жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің 10 рет алғысына ие болды.
Соғыстан кейін Ы.Қалдыбаев Нарынқол және Шелек аудандарының ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында еңбек етіп, 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шықты
Василий Ильич Харламов
1921 жылы 14 қаңтарда Есік қаласында өмірге келген. Жамбыл қаласындағы теміржол училищесін бітіріп, теміржол бекетінде электротех-ник мамандығы бойынша жұмыс істеген. Жұмысшы-шаруа қызыл армия қатарына шақырылып қызмет атқарып жүргенде 1942 жылы желтоқсан айынан бастап Ұлы Отан соғысы майдандарындағы шайқастарға қатысқан. 1944 жылы кіші командирлер курсын аяқтап, Белорусь майданы құрамындағы 4-і атқыштар дивизиясының 220-атқыштар полкінде пулемет взводының командирі болды. Украинаның Волын облысын фашистерден азат етуде ерекше көзге түседі.
1944 жылғы маусымында Ковель ауданының Властник деревнясы маңында жаудың он шабуылына тойтарыс беріп, ондаған фашистердің солдаттары мен офицерлерін жойған. Осы ерліктері үшін кіші лейтенант Василий Харламовқа Батыр атағы берілген. 1947 жылы капитан шенінде запасқа жіберіліп, Алматы қаласында еңбек етіп, 1998 жылы өмірден озған.
Александр Фёдорович Петров
Участник Великой Отечественной войны, командир отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии 30-го стрелкового корпуса 60-й армии Центрального фронта, Герой Советского Союза (1943).
Родился 14 августа 1920 года в селе Тургень ныне Енбекшиказахского района Алматинской области. Окончил 6 классов школы в городе Алма-Ата, работал электромонтёром.
В Красную Армию призван в 1940 году. Служил на Дальнем Востоке, в городе Комсомольск-на-Амуре. Во время Великой Отечественной войны был командиром расчёта, затем отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии.
Участвовал в битве на Курской дуге.
Особым героизмом гвардии ефрейтор Петров А. Ф. отличился при форсировании реки Днепр.
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 17 октября 1943 года за успешное форсирование реки Днепр севернее Киева, прочное закрепление плацдарма на западном берегу реки Днепр и проявленные при этом мужество и героизм гвардии ефрейтору Петрову Александру Фёдоровичу присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда»