Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 10:43

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлық – қоғам өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі. Ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы  № 154 Жарлығын (2019 жылғы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы жарияланды).

Аталған баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалды.

Бірінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегиялық бағыттары туралы ақпаратты қамтиды. Екінші тарау халықаралық және қазақстандық рейтингтер мен зерттеулерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еліміздің ілгерілеуін талдаудан құралған. Үшінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Сондай-ақ, жаңғыртылған моделі озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қалыптастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі құрылымдық өзгерістер сипатталады. Төртінші тарауда Агенттіктің жобалары мен акциялары, қабылданған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы айтылған.

Бұл жерде статистикалық деректер мен көрсеткіштер де көрсетілген мекеме қызметінің нақты нәтижелері көрсетілген.

Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.

Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстары нқамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайласжемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатыпалу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдыналу – баршамызға ортақ міндет.

Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлыболмаса, сізбірыңғайCall-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

 

Ернар Мақажанов,

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы

 

 

Оқылды 2937 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет