Дүйсенбі, 08 Маусым 2020 09:53

Сұмырай дегеніміз кім?

Суретте: Иллюстратор Жанар Сағидолла, «Көк бөрі мен кішкентай Күнке» Суретте: Иллюстратор Жанар Сағидолла, «Көк бөрі мен кішкентай Күнке»

Әлденеге ашуланғанымызда арагідік ауызымыздан шығып кететін бір мәтел бар. «Сұмырай келсе су құриды» деп қысқа қайырып жатамыз. Осындағы «сұмырайдың» мағынасын әркім әр саққа жүгіртіп жүр. Бірі «сұмырай» емес, дұрысы «суыр айы» болуы керек деп ұйқасқа ерік берсе, енді бірі су кристалының өзгерген құрамынан ғылыми дәлел іздейді. Сонымен ұнатпаған кісімізге сұмырай деп кесіп айтқандағы сұмырайымыз кім болды екен?

Ертеде халық аузынан жеткен бір сөзде халыққа су бермеген Сұмырай атты жауыз хан болған екен-мыс. Тойымсыз хан жер бетіндегі суды түгел жинап алып, халыққа бір тамшы татырмастан, шөл азабын тартқызған көрінеді. Сол кезде көркіне көз тойғысыз, он саусағынан өнер тамған шебер қыз әуселесін көрейін деп атышулы ханның ордасына тартып отырады. Сұмырай ханға тарту-таралғы жасап, өзі тіккен зерлі шапанын жауып тұрып, қарап қалмай мінін бетіне басады. Сын көтере алмаған хан сол жерде морт сынып, қыздың оң қолын кесіп алады. Осы кезде Жаратқан Тәңірі өнерпаз қыздың бес саусағын бес жапырақты райхан гүліне айналдырып жібереді. Ханның опасыздығына ашуланған халық оны тағынан тайдырып, өзін өлтіреді. Ал ісмер қыздарын ұмытпас үшін райхан гүлін сырмаққа, тұскиізге салуды дәстүрге айналдырады. Оюдың шетіне өңін, түсін аша түсу үшін су өрнегін салу арқылы Сұмы­райдан азат еткен сұлу қызға деген құрметтен туындапты деген ел артындағы аңыз бүгінге жетіпті.

Осылайша халықтың тарихи таным-түсінігінде құрғақшылық әкелетін жағымсыз мифтік бейне ретінде ұшырасса, кейбір аңыздарда табиғатта сирек кездесетін, адам көзіне шалына бермейтін қорқынышты құс түрінде айтылады. Жеті жұттың біріне баланып, осынау ұсқынсыз құсты әлдеқалай біреу көріп қалса, сол өңірге қуаңшылық әкеледі деп санаған. Бағзыдан жеткен дүниетаным көрінісі бізді осыған сендіреді. Ал сөз жауһары, халық қадір тұтқан жыраулар толғауының тағылымы­на зер салсақ, сұмырай сөзі қазір­гі түсінігіміздегі «алдамшы, өтірікші, қу, залым» сияқты адам баласының жағымсыз қасиеттерін атайтын мағынадан едәуір ал­шақ екенін көреміз. Мысалы, «Едіге» жырында Сыпыра жырау «Сыпыра сынды сұм жырау» деп келсе, Шоқан жинаған материалда Орақ батыр «Жалғыз да туған сұм басым, Барымнан жоғым көп игі», дейді. Баян сұлу әрдайым өзін «Баян сұм» деп, ал Қозыға: «Атадан жастай қалған сен сұмырай», деп отырады. Осылардың барлығында да сұм сөзінің мағынасы «бақытсыз, талайсыз, сормаңдай» дегенге саяды. Ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің келтірген материалдарында жалғыз қызы өлген шешенің жоқтауында да осы мағына айтылады. Онда шешесі былай дейді:

Келгенде елу беске сұмырай Бетен

Айырылып жалғызынан аңы­рап қалды (Сейфуллин,VI, 149). Мұнда да шеше өзін сұм, сұмы­рай деп атағанда, жалғыз қы­зынан айырылып, сормаңдай болып отырғанын аңғартса керек. Шынында да, шум деген сөз пар­сы тілінде «бақытсыз, сорлы, сор­маңдай» дегенді білдіреді. Уақыт өте келе қазақ тілінде дыбысталуы сәл өзгеріп (шум дегеннен сұм болып), сол өз мағынасына және бір реңк үстеп, өзгерген деп топ­шылауға болады. Демек, сұм, сұ­мырай сөздерінің күні кешеге дейін алып келген мағынасы бұл күнде пассивтеніп, сирек жұм­салатын болғандықтан әу бас­тағы мағынасынан түрленіп, сөздің адамның (жастың) ата-анасынан жетім қалып не бірге туған аға-інісінен, баласынан айы­рылып немесе жал-құйрықсыз (аға-інісіз) жалғыз өсіп «сормаңдай, бақытсыз» болған жағдайында айтылғанына көзіміз жетеді. Бүгінгі қауым үшін сөз мәдениеті зәру, көкейкесті мәселеге айналып отырғаны белгілі нәрсе. Осы орайда, жергілікті сөздерді, дөрекі сөздерді орайымен жұмсау, қолдана қалған күнде қай тұстарда орынды-орынсыз шығатынын білу әсіресе қалам тартатындардың, радио мен телевизия саласында жүрген әріптестеріміздің назарын аударуға тиіс. Тіл қарым-қатынастың, мәдениеттің аса маңызды құралы болғандықтан, «әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әр қилы нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсу» арқылы жандана түспек. Сон­дықтан алдағы күндері алуан тілдік-структуралық, бейнелі-көр­кемдік заңдылықтарын таныттыра түсу мақсатында сөз мәдениетінің насихатын қалың жұртшылық назарына жиі ұсынып отырамыз деген ойдамыз.

Ая ӨМІРТАЙ

Дереккөз: egemen.kz

Оқылды 3507 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сұмырай дегеніміз кім? Сұмырай дегеніміз кім? »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет