Бейсенбі, 11 Маусым 2020 11:47

ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ: "ПАРАСАТТЫ БОЛ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ 1424-КЕ ХАБАРЛА!»

 

 

Бүгінде Алматы облысында "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықты жою бойынша бірыңғай мақсатты жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарды біріктіретін жалпыұлттық идеяға айналуда. Бұл бағытта жобалық кеңсе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығын насихаттау мақсатында Алматы облысының жастар белсенділері облыс аумағында мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, "Парасатты бол, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424-ке хабарла!» атты бірыңғай облыстық акция ұйымдастырды. Акция аясында белсенділер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жапсырмаларды қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, патрульдік автокөліктерде, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ақпараттық тақташаларында орналастырды.

Сонымен қатар, акция аясында жастар белсенділері "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қалалық және аудандық менеджерлерімен бірлесіп Алматы облысының азаматтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы ақпарат жеткізді. Жаңартылған көтермелеу жүйесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар сараланатын сыйақы сомасын ала алады. Мұндай жүйе Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көптеген елдерінде іске асырылуда. Егер адам сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлаған болса, онда ол айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10% - ын ала алады. Ең жоғарғы сыйақы 10 миллион 600 мың теңгені құрайды.

"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаевтың айтуынша: "Бүгінгі күні "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басты міндеттерінің бірі - осындай ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу арқылы халық арасында сыбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын нығайту болып табылады. Азаматтар өзінің азаматтық борышын танытып, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлауы тиіс".

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев атап өткендей: " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы жауап береді.

Бұған қоса, Call-орталығының операторлары агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Өз кезегінде, біздің тарапымыздан колл-орталығына түскен әрбір қоңырау бойынша заңнама шеңберінде дереу әрекет жүргізілуде".

Ұйымдастырушылар атап өткендей, аталмыш акция Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында бір уақытта өткізілді, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер 20 000-нан астам ақпараттық жапсырмаларды орналастырды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент

Оқылды 2507 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет