Бейсенбі, 23 Шілде 2020 10:35

Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елімізде 1 тамыздан бастап қалай жүргізілетінін түсіндірді. 

«Дүниежүзінде пневмония жұқтыру тенденциясының артқаны байқалады. 1 қаңтардан бері елде 234 187 адам пневмония жұқтырған. Осы жағдай ДДСҰ мән беріп, коронавирус инфециясына ұқсас пневмония жағдайын кодтайтын жеке код шығарды», - деді Алексей Цой 24 kz арнасында берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі «1 тамыздан бастап статистика қандай болуы мүмкін?» деген сұраққа жауап берді.

«Статистиканы алу үшін белгілі бір уақыт керек. Біріншіден, Қазақстанда бар нормативті талаптарды әзірлеу керек. Екіншіден, ең үлкен мәселе – емхана, стационар, ауылдағы емхана деңгейінде ақпараттық жүйеде бар әрбір медициналық қызметкерді оқыту. Олар кодту дегеннің не екенін, нақты клиникалық белгілерді, басқа да нұсқаларды білуі тиіс. Яғни әрбір медициналық қызметкер пневмонияны қай санатқа жатқызуы керектігін білуі керек. Бұл өте маңызды. Қазір ДДСҰ тренингтері өткізіліп жатыр. Біздің статистер әрбір ақпараттық жүйеге жұмыс жайын түсіндіруде. Әлбетте біз ақпараттық жүйенің бәрін дайындап, кодты өзімізге қоюымыз керек», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі 1 тамыздан бастап тестілеу нәтижесінде анықталған және коронавирус белгілеріне ұқсас пневмония туралы мәлімет көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге 1 тамыздан бастап елде тіркелген 234 мың пневмония жағдайы аталмыш статистикаға қосылмайтынын жеткізді.

«Біз статистиканы 1 тамыздан бастаймыз. Тіркелген жағдай әр күн сайын анықталған мәліметтер бойынша қосылып отырады», - деді ол.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды.
 
Автор: Аян Бекенұлы
Дереккөз: inform.kz
Оқылды 2551 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында…

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде…
Мам 06, 2025

Казахстан значительно улучшил…

Международный рейтинг открытости официальной статистики Open Data Inventory (ODIN)…
Мам 06, 2025

76,4% населения страны доверяют…

Согласно результатам опроса, проведенного по заказу Казахстанского института…
Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет