Бейсенбі, 23 Шілде 2020 18:57

Алматы облысында індетке шалыққандар саны азайып келеді

Алматы облысында бес мыңнан астам адам ақ халаттылардың бақылауында тұр. Олардың өмірін сақтап қалу үшін 3455 медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде. Аяқтарынан тік тұрып еңбек етушілердің қатарында орта және кіші санаттағы 2604 медицина саласының мамандары да бар.

Тәулік бойы тынымсыз науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан абзал жандар қауіп-қатерге бастарын тігіп жүргені ақиқат. Жандарын шүперекке түйіп жүрседе олар берген анттарына адал. Себебі, дәрігерлер қауымының мойнында асқан жауапкершілік пен халықтың сенімі жатыр.

Қандай да қиындықтарға қарамастан олар өздерінің міндеттерін мінсіз атқаруда. Дәрігерлер қауымының қалтқысыз қызметінің арқасында өңірдегі жағдай тұрақталып келеді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлының айтуынша, індеттің таралу қарқыны бәсеңдеген.

- Соңғы аптада облыс бойынша пневмониямен ауырғандар санының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, жедел жәрдем станциясына қоңырау шалу саны 20% - ға азайды. Бұған дейін 391 мобильді топ құрылған еді. Олар науқастардың үйіне барып тұрды. Сонымен қатар 5 CALL- орталық қызмет жасап, жағдайдың жақсаруына ықпал етті»,- деді Батыржан Байжұманов.

Кеселмен күресуге зейнеттегі дәрігерлерде қол ұшын созуда. Олар науқастарға керек кеңестерді айтып көмектесуде. Бұл реттегі жұмыстар онлайн түрде жалғасын табуда. Одан бөлек, Ресей мемлекетінен бес дәрігер келіп, облыс көлемінде кеңес беріп, диагностикалық жұмыстармен айналысуда.

Медицина қызметкерлерінің жүгін жеңілдету үшін облыс басшылығы да барын салуда. Қазіргі таңда ауруханаларда 261 өкпені жасанды желдету аппараты орналастырылған. Олардың 60-сы балаларға, 201-і ересектерге арналған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 625 млн. теңгеге 50 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынған. Тағы да дәл сондай 127 құрылғы алынады деп күтілуде.

Ал, демеушілердің қолдауының арқасында 11 аппарат алынған. Оның ішінде 5-і Түркиядан жіберілген гуманитарлық көмек арқылы келген. Алдағы уақытта 19 өкпені жасанды желдету құрылғысы алынады. Сонымен барлық аппараттардың саны 407-ге жетпек.

Аймақтағы инфекциялық және провизорлық стационарда 250,9 мың денеқызуын түсіретін дәрі сондай-ақ, 40,5 мың вирусқа қарсы препараттар мен 475,0 антибиотиктер бар.

 

2020 жылдың 14 шілдесінде Облыс әкімік Амандық Баталов короновирус инфекциясымен күреске қосымша 2,9 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды. 150 бірлік ИВЛ аппаратын сатып алуға 1,25 млрд. теңге, медициналық ұйымдар үшін 550 млн. теңгеге дәрілік заттарды, 15 бірлік жылжымалы рентген - аппараттарын сатып алуға 375 млн. теңге, 100 бірлік оттегі концентраторларына 83,4 млн. теңге. қарастырылды.

Бұл көрсеткіштер Алматы облысындағы медицина саласының әл- ауқатының артқанын, вируспен күрестің қарқынды жүріп жатқанының дәлелі.

Сын сағатта елмен етене еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне бар жағдай жасалған. Қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Тіпті үстем ақы мен сыйақыларын уақытылы алып отыр.

 

Анар САБЫРОВА

Оқылды 2524 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет