Сейсенбі, 28 Шілде 2020 15:21

Сары аурудан сақтаныңыз!

Бүгін, яғни 28 шілде – сары аурумен бүкіләлемдік күрес күні. Осыған орай сары ауру жайында Медкеңес сайтында жарық көрген толыққанды материалды назарларыңызға ұсынамыз. 

Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді.

Симптомдары:

Аурудың сипмтомдары оның даму кезеңіне қарай әртүрлі келеді.

І кезең (7-50 күн)

Гепатиттің І кезеңі 7 тәулікке созылатын инкубациялық кезең болып саналады. Бұл сатыда инфекция бүкіл ағзаға тарайды. Бұл кезең симптомсыз өтеді немесе білінер-білінбес сезіледі.

ІІ кезең (50-62 күн)

Екінші кезеңнің алғашқы белгілері:

  • Әлсіздік
  • Бұлшық ет, буындардың сырқырап ауруы
  • Тез шарщау

Науқас өзін жабырқау, солғын сезінеді, тәбеті жоғалады. Науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Ауырсыну оң жақ жауырынға және иыққа берілуі мүмкін. Дене қызуы 37-38°С көтеріледі. Бас ауру мазалайды. Кей жағдайларда науқас қышынуы мүмкін.

ІІІ кезең немесе асқынуы (62-98 күн)

Гепатиттің асқынуының белгісі – сары ауру немесе Госпела ауруы. Бұл бауырдың әлсіреуінен болады. Бауыр билирубинді қорыта алмайтындықтан, ол қанға түсіп, бүкіл ағзаға жайылады. Бұл адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді.

Сонымен қатар, үшінші кезеңде несеп қоңыр түсті , ал нәжіс түссіз болады.

Себептері:

  • Гепатит вирустары, инфекциялар
  • Ластанған тағамдар мен су пайдалану
  • Антисанитарлық жағдайда өмір сүру
  • Вирус жұққан қанды құю немесе басқада медициналық процедураларда (ине салу, стоматологиялық процедуралар), стерилденбеген аспаптарды пайдалану
  • Босану кезінде жұқтыру
  • Тұқымқуалаушылық
  • Жыныстық қатынас
  • Ауыз арқылы жұғу
  • Ағзаға улы заттардың түсуі (алколголь, есірткі, кейбір дәрі-дәрмектер)
  • Аутоиммунды аурулар
  • Жеке гигиенаны сақтамау
  • Ортақ гигиена заттарын пайдалану
  • Жарақат кезінде косметикалық процедуралар
  • Жарақаттардан
  • Кейбір жәндіктердің шағып алуы

Классификациясы

Түріне қарай өткір және созылмалы деп бөледі.

Өткір гепатит белсенді өтеді. Көп жағдайда асқыну болады. Тез пайда болып, тез қайтады.

Созылмалы гепатит симптомсыз өтеді. Асқынуы бауырдың созылмады бұзылуына әкеледі.

Этиологиясына қарай инфекциялық, уланған және т.б. жіктейді.

Диагностика

Диагностиканы дәрігер-инфекциолог жасайды.

Гепатитті анықтау үшін науқас келесі медициналық тексерулерден өтеді:

  • Толық анамнез жасау
  • Қан талдауы
  • Қанның биохимилық талдауы
  • Полимерлі тізбекті реакция
  • Құрсақ қусын УДЗ арқылы тексеру
  • Эластометрия
  • Бауырдың биопсиясы

Емдеу

Аурудың симптомдары байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Ауру асқынғанда төмендегі емдеу шаралары қолданылады:

  1. Төсек режимін ұстау
  2. Ағзаны улы заттардан тазалау
  3. Диета
  4. Гепапротекторлар мен дәрумендер қабылдау
  5. Симптомдарды басатын ем

Гепатит кезінде тамақтануға үлкен мән беру керек. Қуырылған, кептірілген, қақталған, ащы, консервіленген, тұзды, қышқыл тағамдарды жемейді және газдалған сусынды ішуге болмайды.

Профилактика

  • Әр 6-10 жылда екпе салдыру
  • Тамақтану алдында қолды жуу
  • Жеке гигиенаны сақтау
  • Өзгенің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау
  • Пайдалар алдында азық-түліктерді жуу
  • Лас суқоймаларында шомылмау (әсіресе, денеде кесілген, тырналған жаралар болса)
  • Сәбилердің жалаяқтарын таза жерде ауыстыру
  • Тұрғын мекемесін аптасына кемі 2 рет тазалау
  • Бауыр ауруларында теңіз өнімдерінен бас тарту
  • Әдепсіз жыныстық қатынасқа түспеу
  • Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану
  • Зиянды әдеттерден арылу
  • Өзге елге саяхаттар алдын ол жақтың эпидемиялық жағдайын біліп алу.
Оқылды 2916 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сары аурудан сақтаныңыз! Сары аурудан сақтаныңыз! »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет