Жұма, 07 Тамыз 2020 09:45

Коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

Бұл жағымды жаңалық Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан жетті. Аудандағы орталық аурухананың коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған бөлімі босап, соңғы науқас ауруынан айығып шығыпты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері Ордабасы аудандық ауруханасына барып, өздері көзбен көріп қайтты. Өңірдегі көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады. Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болса, өзге емделушілер толық жазылып шыққан.

Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдің төсек саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда. Аудандық аурухана  өкпені жасанды желдету 9 аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. Қауіпті індет жұқтырғандардың бірі Мырзабай Оңлабек ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен. 80 жастағы ақсақал бүгінде жағдайының жақсарғанын айтады. Дертінен айығып, үйіне шығарылған зейнеткер бүгінде дәрігерлерге алғысын жаудырып отыр. «Қоғамдық бақылау» өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты. Олар сонымен қатар Түркістан қалалық орталық ауруханасын да аралап көрді. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған топ өкілдері медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалауды және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан.

Оқылды 2268 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет