Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2020 13:54

18 жасқа толған адамдарға мүгедектік 5 жылға белгіленеді

Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі төңірегіндегі сыбайласжемқорлықтың алдын алу тақырыбы бүгінде өзекті. Осы ретте Алматы облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жағдайды бақылауға алған. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің  2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен    мүмкіндігі шектеулі жандардың  әлеуметтік қорғау шаралары бекітілген.

Мүгедектік белгілеу  рәсімі науқас тіркелген медициналық ұйымнан басталады. Медициналық ұйымдар, толық диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, негіздемелер болған жағдайда, белгіленген мерзімде, дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша медициналық -  әлеуметтік сараптамаға жолдайды.

Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну (мәліметтерді алу) кезінде, медициналық - әлеуметтік сараптама  маманы өтінішті қабылдаудан бас тартып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Департаменттің  10 МӘС(медициналық-әлеуметтік сараптама)  бөлімдерінде, жыл сайын 25 мыңнан астам куәландырылады, соның ішінде 5 мыңнан астам адам алғаш рет мүгедек деп танылады.

МӘС жүргізу қорытындысы бойынша МӘС  бөлімі мүгедектік белгілеу туралы  шешім қабылдайды, әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiгін анықтайды, медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың  жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді.

Ағымдағы жылдың басынан Қағидаларға кейбір өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді. Оларға сәйкес:

- МӘС бөлімдерінің медициналық ұйым мамандарына консультациялық көмегі алынып тасталды;

- оңалту болжамы қолайсыз көрсеткіштер бойынша 18 жасқа толған адамдарға мүгедектік 5 жылға белгіленеді;

- мүгедектер мерзімінен бұрын қайта куәландыруға денсаулық жағдайы нашарлаған кезде ғана емес, ол жақсарған кезде де жіберіледі;

- жазбаларды 4 ай бойы сақтай отырып, МӘС отырыстарының аудио, бейнежазбасын міндетті түрде жүргізу көзделген;

- 16 жасқа дейінгі бала, 5 жасқа дейін және ол 16 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылатын айғақтар кеңейтілді;

- 18 жастан асқан адамдарға 2 мүгедектік тобы мерзімсіз белгіленетін тізбе кеңейтілді.

«ТЖ және карантиндік шаралардың қолданылуы кезеңінде куәландырылатын адамның ЭЦҚ қойылған өтініштері және "электрондық үкімет" порталы арқылы жіберілген құжаттардың сканерленген нұсқалары бойынша 1013 адам сырттай куәландырылды, 11331 мүгедекке 3 айға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды, сондай-ақ 16 және 18 жасқа толған 120 балаға актілерде бар құжаттар бойынша сырттай куәландыру жүргізілді»- дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мадина Тәңірбергенова.

Құжаты мен заңнамадағы құқығы осылайша айқындалған ерекше жандардың құқығын қорғау, олардың істерінде жемқорлықтың желдей есуіне жол бермеу үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді.  Осы мақсатта:

- МӘС бөлімдерінде аудиожазбамен, ағымда жазбаларды 4 ай сақтаумен бейнебақылау орнатылды;

- 2020 жылғы қаңтардан бастап медициналық ұйымдардың мамандарына консультациялық көмек Қағидалардан алынып тасталды, яғни әлеуетті көрсетілетін қызметті алушымен байланыс алынып тасталды;

- департамент қызметкерлері қолданыстағы заңнаманы сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерді қабылдады;

- барлық МӘС бөлімдерінде куәландыру, қабылданған шешімдерге шағым жасау және т. б. тәртібі бойынша ақпарат орналастырылған;

        

 

 

Оқылды 2376 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет