Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 14:59

Жеті команда финалда кездеседі

Жақында аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «Еңбекшіқазақ жастары» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар маусымы» атты аудандық жайдарман чемпионатының жартылай финалы өтті.

 

Есік және Шелек өңірлерінде өткен ойынға 18 команда қатысты. Әзіл-қалжыңнан көрерменге тарту жасаған жастардың өнерін Алматы қаласы жайдарман өкілдігінің директорының орынбасары Ердос Оралбеков, Алматы қаласының жайдарман өкілдігінің бас редакторы Дархан Карипов, Жоғарғы лиганың «Тек қана қыздар» жайдарман командасының капитаны Мереке Қалбаева, «Қармақшы» құрама командасының капитаны Жандос Самалбеков, «Алмалы» командасының белді ойыншысы Ерғанат Хайнел бағалап, қазылық етті. Ойын тартысты өтті. Командалар сәлемдесу және үй тапсырмасы сайыстары бойынша өнер көрсетті.

Жалпы қорытынды бойынша «Нар тәуекел», «Бауырлар», «ЕМК», «Нұрлы жол», «Қазақ жастары», «Алатау», «Тәуекелді жігіттер» финалға жолдама алып, қалған командаларға алғыс хаттар табысталды.

Жайдарманның ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып, аудандық жайдарманның дамуына қосқан зор үлесі үшін Бақытжан Қаби мен Мади Бердібаев марапатталды. Манас Жарылқасынов, Мұхтар Қожантаев, Арман Алпысбаев жекелеген номинацияларға ие болып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Өз тілшіміз.

 

Оқылды 3830 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет