Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 10:10

Белсенді жастар сайысты

Жақында аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ-қа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала-сы аясында жас туристер слеті өтті.

Ауқымды шараның шымыл-дығы аудан өнерпаздарының орындауындағы «Есігім» әнімен түрілді. Құттықтау сөз сөйлеген орталық директоры Мұрат Ақаев, «Есік» археологиялық-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Дыбысгүл Ахметбаева, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Айжан Әбіт қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Президент мақаласы мен Жолдауларында айтылған тапсырмаларды орындауда жастардың атқарар рөлі орасан зор екендігін атап өтті. Слет барысында патриоттық тақырыптағы әндер айтылып, өнерпаздар өнерлерін ортаға салды. Конкурстық бағдарлама барысында қатысушы 12 команда өздерін таныстырып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған қабырға газетін жасады. Кейіннен жастар спорттық шараларда өз командасының намысын қорғады. Командалық есепте жүргізілген туристік көпсайыста қатысу-шылар батпақтан, кө-белек өткелі, аспалы өткел, маятник өткелі мен параллельді өткелден өту бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде, балалар тобы арасында жалпыкомандалық есепте І орын Рахат орта мектебінің «Жерұйық» тобына бұйырды. ІІ орынға Қ.Сәтпаев атындағы мектептің «Жас қырандар» тобы жайғасып, Азат орта мектебінің «Хан Тәңірі» командасы ІІІ орынға табан тіреді.

Жасөспірімдер тобы арасында жалпыкомандалық есепте І орынды Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Қыран» тобы еншіледі. Аталған колледждің «Жалын» тобы ІІ орынды, «Жалын-2» тобы ІІІ орынды қанжығалады.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 7198 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Белсенді жастар сайысты Белсенді жастар сайысты »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет