Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 14:24

Бәйтеректегі тынымды тірліктер

Сапалы ауыз су, қолжетімді баспана, тегіс жол. Аймақтарға осындай игілік сыйлайтын «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бүгінде өңірлерімізге әр беріп, ауылдардың бойына қан жүгіртіп, тұрғындардың тіршілігін оңалтты. «Аймақтарды дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020» сынды бірқатар шағын бағдарамаларды қамтитын аталған бағдарлама бойынша бүгінде барлық ауылдарға қаржы бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аталған бағдарлама негізгі төрт бағытты дамытуға бағытталған. Әр макроөңірге арналған инвестициялық басымдықтар, еліміздің аумақтық дамуын жетілдіру, инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыру, халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді әрі ұтымды қамтамасыз ету. Бағдарламаның арқасында осы аталған игіліктер бірнеше жылдан бері аудан аумағында жүзеге асып, шалғайдағы қаншама ауылдарды гүлдендірді. Ауданның кіреберісіндегі Бәйтерек округінің тұрғындары да бағдарламаның шапағатын көріп отыр. Ауыз су жүйесі жаңғыртылып, тозығы жеткен жолдар жөнделуде. Ауылдың абаттандырылуы мен тазалығы да назардан тыс қалмаған.

Тарқатып айтар болсақ, биылғы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдаламасы аясында Бәйтерек ауылдық округіне 10 млн теңге бөлінген. Аталған қаржы жергілікті қауымдастық өкілдерімен ақылдаса келе, Алға ауылындағы су құбырын жөндеуге жұмсалуда. Қазіргі уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

– Алға ауылындағы Жамал көшесінің тұрғындары осы күнге дейін тіршілік нәрінен таршылық көріп келді. Бүгінде мердігер «Асыл-Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік аталған көшеге жаңадан су құбырын тартып жатыр. Жақын арада алғалықтар сапалы ауыз сумен қамтылатын болады – дейді округ әкімі Айбек Нұрланов.

Былтырғы жылы аталған бағдарлама бойынша округке 17 млн теңге қаражат бөлінген. Мердігер мекеме аталған қаржыға Бәйтерек ауылындағы Школьная көшесінің 2300 шаршы метрін, Советская және Победа көшелерінің 3333 шаршы метрін жөндеуден өткізіп, асфальт төсеген. Сонымен қатар, Бәйтерек – Қойшыбек – Алға тас жолының 13 шақырымына ағымдағы жөндеу жасалған.

Округ басшысының айтуынша, ауылдағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес. Биыл бюджеттен абаттандыруға 3 млн 100  мың теңге және санитарлық тазалыққа 1 млн 700 мың теңге ақша бөлінген. Бұл бағытта Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының бойына тазалық жұмыстары жасалып, ауылды көркейту жұмыстары жасалған.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» келген жас мамандар да қолжетімді баспанаға ие болған. Бәйтеректегі әл-Фараби атындағы орта мектептің бес бірдей жас маманы «Қолжетімді баспананың» иегері атанған.

Ауылға жағдай жасау мұнымен шектелген жоқ. Осыған дейін ескірген әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, қайта жаңғырған болатын. Игі шара биыл да жалғасын тапқан. Бәйтеректегі «Жұлдыз» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта конкурс жарияланып, өткізілуде. Жеңімпаз анықталған жағдайда мектепке дейінгі мекеменің электр жүйелері жаңартылып, шатыры жөнделмек.

– Округіміз жыл сайын көркейіп, аумағы ұлғая түсуде. Әрине, бұл Елбасы негізін қалаған сарабдал саясаттың жемісі. Соңғы жылдары округімізде жаңа екі бірдей мектеп бой көтеріп, бір оқу ордасы күрделі жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау нысандары да жаңартылды. Елбасының тапсырмасына сәйкес ауылішілік жолдар жөнделіп, қарым-қатынас көзі ретке келтірілуде. Нәтижесінде ауылымыздағы жас, білікті мамандардың саны артып, көркейіп келеді. Әсіресе, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының арқасында кеңес үкіметі тұсынан жөндеу көрмеген көшелерге асфальт төселіп, тұрғындардың қуанышы еселенуде – дейді Айбек Нұрланұлы.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5515 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет