Жұма, 27 Желтоқсан 2019 09:13

27 желтоқсан. ЖҰМА. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

 1892 жылы қалалық дума мен 1-гильдия көпесіАртемий Деров пен басқа да меценаттардың жәрдемдесуімен шет жақта орналасқан қалада тегін оқу залы бар қоғамдық кітапхана ашылды. Ол 1896 жылдан бастап уездік деп аталды, уақыт өте Павлодар облыстық кітапханасына айналды.

1924 жылы Семейде Орыс географиялық қоғамының Абайды еске алуға арналған мәжілісі және қалалық театрда ұйымдастырған кеші өтті. Кеште Мұхтар Әуезов Абай шығармашылығы туралы баяндама жасады.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль бекітілді. Мерейтойлық медаль қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен орнығуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын көтермелеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығын атап өту мақсатында белгіленген.

2007 жылы Ақтөбеде КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың (1927-1993) ескерткіші ашылды. Ескерткіш оның есімімен аталатын облыстық филармония ғимаратының алдындағы алаңда орнатылды. Жоба авторлары - мүсіншілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Жәдігер Кенбай, Марат Ғабдырахманов, Ахмет Құбай. Ескерткіштің биіктігі - 4,5 метр.

2010 жылы ҚР Ұлттық банкі «Еркін күрес». Олимпиада ойындары-2012» шақасын айналымға шығарды. Шақаның бет жағының (аверсі) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Қыры бедерлі. Шақа 925-ші сынамалы күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61мм, «proof» сапасымен дайындалған. Ең көп таралымы - 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

2011 жылы ғаламшардың оңтүстік нүктесінде Қазақстанның Туы желбіреді. Оны қазақстандық экспедицияның мүшелері орнатты. Қазақстандық поляршылар Оңтүстік полюске сегіз күн жүрсе, қайтар жолы бес күнге созылды. Бұл бірегей сапарынан естелік ретінде поляршылар Астана қаласының әкіміне Мемлекеттік Ту мен Астана туын, сондай-ақ сапарларында бірге ұстаған Конституция үлгісін сыйға тартты.

2014 жылы БҰҰ миссиясының Батыс Сахарадағы әскери контингентінің қолбасшысы, генерал-майор Имам Эди Мулионо миссия қызметінің 2014 жылғы қорытындыларын шығару кеңесінде қазақстандық «көгілдір береттердің» Батыс Сахарада бейбіт өмірді қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті. БҰҰ миссиясының әскери байқаушылары ретінде бұл елге қазақстандық «Қазбат» бітімгерлік батальонының офицерлері Бахтияр Ақбалаев, Темірлан Мүсәпіров, Талғат Тасболатов жіберілді. Олардың негізгі міндеті - патрульдеу, мониторинг жүргізу және жағдайды жеткізіп отыру.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «proof» сапасымен «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік «Қазақ вальсі» ескерткіш күміс шақаларын айналымға шығарды. «Қазақ вальсі» монетасы - ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын танымал етуге арналған және «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты жаңа монеталар сериясының алғашқысы. Монетаның реверсінде қазақтың әйгілі бишісі, Қазақ КСР Халық әртісі Шара Жиенқұлованың билеп тұрған кейпі салынған суретші Гүлфайрус Ысмайылованың «Қазақ вальсі» картинасы (Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы) бейнеленген.

2017 жылы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті ынтымақтастық туралы меморандум орнатты. Соның аясында «ҚазАқпарат» ХАА ҰОК-тың «Ресми ақпараттық серіктес» статусына ие болған алғашқы ақпарат агенттігі болды. Ынтымақтастық аясында еліміздің бас лентасы - «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» Спорт ақпарат агенттігі арқылы Ұлттық Олимпиада комитетіне ақпараттық қолдау көрсететін болды.

2017 жылы «Рухани жаңғыру» атты республикалық журнал жарыққа шықты. Алғашында 1000 тиражбен басылып шыққан түрлі-түсті журнал еліміздің жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңістерін паш етті. Басылымда жан-жақты әрі салмақты тақырыптар қамтылмақ. Ақылдастар алқасы да зиялы қауым өкілдерінен, елге танымал азаматтардан құралған.

2018 жылы Зырян ауданы мен Зыряновск қаласы Алтай ауданы және Алтай қаласы болып өзгерді. «Қала мен аудан атын өзгерту туризмді дамытуға жаңаша серпін береді. Өзгеріс тарихи тұрғыда дұрыс және экономикалық тұрғыда өзін ақтайтын шешім болады деп есептеймін», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Оқылды 3416 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет