Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 11:53

Түркиялық әнші Абайдың әніне клип түсірді

Түркиялық әнші Абайдың әніне клип түсірді inform.kz

 Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанмен бірге бауырлас елдер де атап өтуде. Мерейтой аясында түркиялық әнші Айбен Ерсой Абайдың әнін шырқап, клип түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы маусым айында Қазақстанның астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді. Біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты туындысын заманауи аранжировкада әзірледік. Өткен аптада Ыстанбұлдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті маңында клип түсірдік. Өкінішке қарай, қауіпті вирустың таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Алайда біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік», - деп жазды түркиялық әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен бірге, әнші ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында қазақ әнімен қалай танысқанын айтып берді.

«Қазақстанға түрлі жобалар бойынша бірнеше рет барғанмын. Qazaqstan арнасы өткізген «Silk Way Star» байқауының қазылар алқасына мүше болдым. Бұл керемет жоба болды. Онда тек камера алдында ғана емес, сахна сыртында да бауырларыммен ұмытылмас сәттер өткіздім. Сол кездері қазақ музыкасын естіп, біздің халық әндерімен ұқсас екенін аңғардым. Қазақ музыкасымен танысқан күні екі халыққа да осы сезімді жеткізіп, ертеден ұлан-ғайыр аумақта тамырымыздың ортақ болғанын еске салғым келді. «Көзімнің қарасы» да алғаш естіген сәтте-ақ жүрегіме жетті. Бастапқыда сөздерді түсінбесем де, әннің не туралы екенін сезінгендеймін. Сондықтан мен үшін Абайдың осы әнінің орны бөлек», - деді А. Ерсой.

Қазір Айбен ханым Қазақстан сынды өзге де бауырлас халықтардың ұлттық әндерімен танысуға мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлап жүр.

«Біздің әлем айналамыздағы нәрсені тез өзгертіп жатқанына қарамастан, біздің ішімізде өте құнды негіз бар. Біз – күн сайын өзімізді жаңа деңгейге көтеретіп, үздіксіз дамитын жаратылыспыз және күн сайын өзімізді жаңа қырымыздан танимыз. Жаңа бағытқа ұмтыла отырып, біз Абай сияқты құнды негіздерді болашаққа жеткізуіміз керек. Абай сынды тұлғалар әлемді жақсылыққа бастау үшін туады. Әлемдегі бейбітшілік пен махаббат үшін ұлы ақынның мерейтойымен құттықтаймын», - деді Айбен Ерсой.



Оқылды 3653 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет