Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 14:30

Сел қаупі сейіле бастады

 

Күннің күрт жылынуына байланысты 25 ақпан және наурыз айының 2 күндері Тескенсу ауылында төтенше жағдай орын алды. Қатты жауған нөсер жауынға еріген қар суы қосылып, ол үлкен өзенге айналған. Су тасқынының арнасын елді-мекендерден басқа жаққа бұрып жіберу үшін түнімен жұмыс жүргізілді.

Жер қыртысының тоңдануынан (тоң қалыңдығы 60 см) еріген тау қарының және жауын-шашын сулары Киікбай, Үйеңкі, Шолақ шатқалынан және Қаратұрық, Ащысай ауылдарынан аққан су Қорам каналының арнасына сыймай үш жерден бұзып, қауіп төндірді.

Төтенше жағдай орын алу салдарынан Тескенсу ауылының Керейбаев, Салимов, Жамбол, Төрткөл, Сейсембаев, Розыбакиев және Абай көшелерін су басты. Бастапқы күні 28 үй су құрсауында қалса кейіннен анықталғандай 44 үйге жеткен. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына үйлерді аралап эвакуация кезінде алдын алу шараларын қабылдаудың қажеттілігі туралы ескертілді. Аппаттық-құтқару жұмыстарына ауыл тұрғындарынан 150-200 адам атсалысып, канал ернеулерін дамбылауға 1000-қаптан аса құм төселді. Тасқын судың келтірген залалдарын жоюға 2 су сорғыш мотопомпасы, 2 экскаватор техникасы жұмылдырылып, жаңа арна қазылып, оның жағалауы құм толтырылған қапшықтармен бекітілді. Қазіргі таңда ауыл ортасымен өтетін өзек сай сағасында орналасқан 7 үйді су басқан. 7 отбасы қауіпсіз жерлерге, туыстарының үйлеріне көшірілді.

25 ақпаннан бастап өңірде 3 рет болған тасқынға қарсы штаб құрылып, жалпы алғанда төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергенов, бөлім басшылары Ә.Смағұлов, Д.Мәлібеков, Б.Искаков, Д.А. Қонаев атындағы ҮАК Таусүгір бөлімшесінің басшысы Б.Әбілдаев келіп тиісті шаралар қолдана отырып, қауіп-қатердің қайталанбау шараларын қарастырды. Д.А.Қонаев атындағы ҮАК қызметкерлері жақын күндері бұзылған 3 көшенің бойына көпір салатын болды.

Алайда, сел қаупі сейілгенімен алдағы уақытта құтқару қызметін-дегілер үшін табиғи және техногендік апаттардың алдын алу жұмыстары жыл он екі айға жалғаса береді.

С.Бектеген,

"Нұр Отан" партиясы

"Тескенсу" БПҰ хатшысы.

 

Оқылды 7304 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында…

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде…
Мам 06, 2025

Казахстан значительно улучшил…

Международный рейтинг открытости официальной статистики Open Data Inventory (ODIN)…
Мам 06, 2025

76,4% населения страны доверяют…

Согласно результатам опроса, проведенного по заказу Казахстанского института…
Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет