Кадыров Магруф Гапбасұлы 1957 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызында өнегелі, тәрбиелі отбасында дүниеге келген. Ұлты – татар, білімі – жоғары. 1964 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алдабергенов ауылында Матай Байысов атындағы орта мектепке барып, 1974 жылы тәмамдап шықты. Қарағанды қаласындағы Коопертивтік институтты зооветеринар мамандығы бойынша және Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетін тауартану және орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Мектеп қабырғасынан бастап кәсіпке бейімделіп өскен Магруф Гапбасұлы еңбек жолын 1975 жылы Алакөл ауданы, Киров атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеп келіп, Алакөл ауданы оқу ағарту бөлімінде автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеді. 1980-1993 жылдар аралығында Талдықорған қалалық тұтынушылар қоғамында дайындаушы, қойма меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1989-1993 жылдар аралығында «Береке» Агроөнеркәсіп мекемесінің бастығы қызметін атқарды. 1993-1999 жылдар аралығында «Лингвист» акционерлік қоғамының бастығы. 1999-2013 жылдар аралығында орталық базардың бастығы қызметін атқарады. 2013-2017 жылдар аралығында «Жаркент мал өнімдері» ЖШС мекемесінде басшы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар 2017 жылдан бастап жеке шаруа қожалығын ашып осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығының дамуына орасан зор үлесін қосып келеді.
Кадыров Магруф Гапбасұлы біртоға ірі тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, өз ісінің шебері, досқа адал, жомарт, қарапайым, мейірімді, сабырлы жан. Ұжымда, туған-туыс, дос-жаран арасында адамгершілік қасиеттері, білім-білігі үшін сый-құрметке ие.
1999-2005 жылдар аралығында «МКС- Ақбоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, аудан көлемінде асыл тұқымды «Симанталь» сиырын Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан «Дегерес», «Байыс» асыл тұқымды қой, Ақтөбе облысынан асыл тұқымды жылқының « Жебе» түрін алып келіп Республикалық ғылыми өндірістік зерттеу орталығынан ғалым мамандарымен тұқым сапасын арттыруда еңбек етіп, асыл тұқымды шаруашылыққа айналдырды.
2012 жылы өңірімізге асыл тұқымды «Әулиекөл» сиырларын алып келіп, жерсіндіріп, Республикалық палатада тіркеуге қойылған. Қазіргі уақытта ауданымызда мемлекеттік бағдарламамен салынған мал сою «Жаркент Мал Өнімдері» пунктінің жұмысын жолға қойып, ауданымыздың экономикасына үлесін қосуда. Аудан намысын республикалық облыстық сайыстарда бәйгеге жүйріктерін қосып жүлделі орындарға ие.
Қоғамдық әлеуметтік іс шараларға белсене араласып, сыбағалы үлесін қосуда. Қайырымдылық шараларымен тұрақты түрде шұғылданып жүрген азамат 18 жыл ұдайы Талды селолық округіне қарасты елді мекендерде тұратын Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый-құрметке бөлеп, марапаттауда. Сонымен қатар, балалар үйіне, спорт кешендерін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жеке азаматтар мен азаматшылардың өтініші бойынша көрсетілген қаржылай көмектері қаншама. Сонымен қатар 75 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. 22 наурыз мерекесіне байланысты 500-ден аса адамға наурыз көжемен қонақ қылып, ел алғысына бөленді. Кейінгі жас шаруа қожалықтарына өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында асыл тұқымды «Әулиекөл» ірі қара төлдерінен беруде.
Сонымен қатар бала кезінен 50 жылдан астам уақыт мерзімінде атбегілік кәсібімен айналысып келеді, асыл тұқымды жүйрік сәйгүлікетерімен облыс, аудан рейтингтерін көтеріп жүлделі 1 орындарға ие болып жүр, көптеген шәкіртер дайындауда.
«Суан баба» қорына 1500000 теңге қаржылай аударып, қордың жағдайын жақсартып, шежіре шығаруға сүбелі үлесін қосты. Елбасының нақтылы қойған баршаға бірдей осы заманғы 5 реформасын жүзеге асыру жолында «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» стратегиялық бағдарламасына өзінің үлесін еңбек майданында қосып келеді.
Кадыров Магруф Гапбасұлы Панфилов ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының және Астананың қалыптасуына үлес қосқаны үшін «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес – рейтинг ұйымдастыру комитетінің «Сапа көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы атанып, «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталған.
2014 жылы Женева қаласында ауыл шаруашылығының дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін халықаралық «Европалық сапа Гран-При» медалімен және Дипломымен марапатталған.
Отбасының отағасы, бес баланың әкесі
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Бейбіт өмірге 75 жыл. Алматы облысы Панфилов ауданында «Кадыров мал өнімдері» шаруа қожалығын басқарамын. Бұл шаруа қожалық Талды ауылдық округінде 18 жыл бойы ұдайы 9 мамыр Ұлы Жеңіс мейрамына орай соғыс және тыл ардагерлеріне демеушілік көрсетуде. 18 жыл бұрын Талды округінде 11 соғыс ардагері, 35 тыл ардагері болған. 75 жылдыққа 13 тыл ардагері және 1 соғыс ардагері жеткен. Ардагерлер ерлігі мен тың еңбектері өлшеусіз. Осыған орай аудан әкімі Талғат Өмірәлиев мырза жеке өзі барып, Көктал ауылдық округінде тұратын соғыс ардагеріне өзінің марапатын, сый-құрметін жасап қайтты. Барлық тыл ардагерлерінен Ресей Федерациясынан мерекелік медальдар тапсырылуда.
Осы ерлікті, отанға деген патриоттық сезімді болашақ ұрпаққа қалдыру үшін, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен 18 жыл бойы кездесулер, кештер ұйымдастырылып келеді. Биыл төтенше жағдайларға байланысты мұндай іс-шаралар тоқтатылды. Талды ауылдық округінде жыл сайын 9 мамырда Дәне Рақышев атындағы орта мектептің ұйымдастырумен театрландырылған көріністер көрсетіліп, соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұлықтайтын. Биыл төтенше жағдайға байланысты әрбір мектепте онлайн сабақтар өткізіліп жатыр. Соған орай, осы Ұлы Жеңіс күніне арнап онлайн құттықтаулар, ізгі тілектер мен онлайн жобалар жасалынып жатыр.
Жыл сайын демеушілік пен қайырымдылық жқмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мүгедектер қоғамына, зағиптар қоғамына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектер көрсетіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға арнап Жаңа жыл шыршасын ұйымдастыру, 20 бойы демеушілік көрсетіп келеді. Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғалар кезінде Арыс апаты кезінде, облыстағы бөгеттің жарылуы кезінде де көмегін аяған емес. Енді мынау Түркістан облысындағы жағдайға байланысты «НұрОтан» партиясының «Біз біргеміз!» қоры арқылы көмектерін көрсеткелі отыр.
Ай сайын 2 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Шаруа қожалығынан басқа ет комбинаты жұмыс істейді. Ет комбинаты ветеринарлы-саниталық нормаларды қатаң сақтап, таза ет өнімдерін сатылуына көңіл бөлуде. 57 отбасын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жетімдер үйінен шыққан 2 баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеп, ары қарай отбасын құруына дейін көмектесіп бауырына басқан. Біреуі кәмелеттік жасқа толып, отбасын құрып, жеке шаңырақ көтеріп, бүгінде елге қызмет етіп отырған азамат.
Төтенше жағдай кезінде көпбалалы аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен көмек көрсеткен және 7 ірі қара малын сойып таратты. Наурыз мерекесі, аудан көлеміндегі қорларға, балалар үйіне, спорт шараларына, спортшыларға демеушілік көрсетіп келеді.
Кадыров Магруф: Мен еңбек жолымды бала кезімде әкеме мал шаруашылығына қолғабыс етіп бастадым. Әкем Гапбас жылқы бағып, жүйрік ат мінген. Әке жолын қуып жүйрік ат баптап, тұлпар тізгіндеп, қадір-қасиетін бағалап дәріптеп өстік. Нағашыларым әйгілі Мусиндер әулеті ат шаптырып, жүйрік аттарды өсірген. Семей қаласында 1918 жылдары мешіт салған, қазіргі кезде Семей қаласында музей ғимараты болып есептелінеді. Кеңес үкіметі кезінде тұтынушылар қоғамында еңбек еттім. Бірақ ешқашан атбегілік кәсібімді тастаған емеспін. Ауыламызда бір сәтте жүйрік ат үзілген емес. Бақ пен бап бір болып, талабым оң болып Доллар, Телқоңыр, Тимуджин, Барыс, Қарқара, Жұлдыз атты аттарым жүлделі орындар алып, 5 темір тұлпарға ие болдым. Егемен Республикамыз ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шаруа қожалығын тізгіндеп асыл тұқымды мал 1999 жылы МКС – Ақбоз ЖШС құрып аудан көлемінде асыл тұқымды Сименталь сиырын, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан дегерес, байыс асыл тұқымды қой, Ақтөбе облысынан асыл тұқымды жылқының Жебе түрін алып келіп, Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының мамандарымен тұқым сапасын арттыру мақсатында еңбек еттік.
2012 жылдан бастап өңірімізге асыл тұқымды Әулиекөл сиырларын алып келіп жерсіндіріп, Республикалық палатада тіркеуде қойылған. Жастарға әрдайым мал шаруашылығының пайдалы және тиімді екенін айтып, зоотехникалық, ветеринарлық талаптарды, тұқым сапасын қатаң қадағалау маңыздылығын түсіндіріп, көптеген азаматтарға ағалық кеңесімді беріп істеріне практикалық көмек көрсетудемін. Спорт адам баласының қалыптасып, өсуіне пайдасы өте мол. Өзім еркін күрестен спорт шеберімін. Ата-бабмыздан келе жатқан ат спортының орыны ерекше. Ауданымызда көптеген жастар атбегілікпен айналысуда, сонымен қатар көкпар ойындары үнемі ұйымдастырылуда. Ат спорты дененің шымыр, саулығына, бірлік пен татулықты, ата дәстүрді жалғастыруға үлкен ізет көрсетуге көптеген үлесін қосады. Жастарға көңілім толады. Қазіргі жастар заман талабына сай өте мәдениетті, білімді, ғылыми жаңалыққа құмар болып өссіп келеді. Бұл орайда айтарым, Елбасының, Президенттің үкімет алдында қойған бағыт-бағдарлары құнды азық болуда.
Қазіргі уақытта ауданымызда мемлекеттік бағдарламамен салынған мал сою «Жаркент Мал Өнімдері» пунктінің жұмысын жолға қойып, ауданымыздың экономикасына үлесімді қосудамын. Қоғамдық, әлеуметтік іс-шараларға белсене араласып, сыбағалы үлесімді қосудамын. Суан баба қорына 1500000 тенге қаржылай аударып, қордың жағдайын жақсартып, шежіре шығаруға сүбелі үлесімді қостым. Ел басының нақтылы қойған баршаға бірдей осы заманға сәйкес бес реформасын жүзеге асыру жолында «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Стратегиялық бағдарламасына сай еңбек майданында үлесімді қосып келемін.
Қайырымдылық шараларымен тұрақты түрде шұғылданып, 18 жыл ұдайы Талды ауылдық округіне қарасты елді мекендерде тұратын Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый құрметке бөлеп, сый-сияпат жасап келемін. Сонымен қатар балалар үйіне, спорт кешендерін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жеке азаматтар мен азаматшылардың өтініші бойынша көрсетілген қаржылай көмектер көрсетіп, Наурыз мерекесіне байланысты шараларға қатысып, ел алғысына бөленіп келемін. Биыл да Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін және Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлерді сый құрметке бөлеймін деп отырмын. Сонымен қатар шаруа қожалығымда бақташыға тұрғын үй алуға көмектестім.