Бейсенбі, 11 Маусым 2020 11:36

Наката Око: Сіздер – адасқан, жолынан жаңылып қалған халықсыздар...

Наката Око: Сіздер – адасқан, жолынан жаңылып қалған халықсыздар... google.kz

Әрине, мен де сіздерге баға бере алмаймын. Бір тілде сөйлейсіздер ме, әлде екі тілді бірдей таңдайсыздар ма – оны өздеріңіз шешесіздер. Екі тілді бірдей білген де жаман емес. Билингвизм – әлемнің көп елінде бар. Тарихшы ретінде айтатын болсам, маған қазақтар өзінің ұлттық ерекшелігін, тілін жоғалтып алған халық секілді болып көрінеді. Сіздер – адасқан, жолынан жаңылып қалған халықсыздар, меніңше. Халықты әдейі не қасақана тарихи жадынан айырып тастаған сияқты. Әйтпесе, есі дұрыс адам ана тіліңнен гөрі орысша білген дұрыс па деп сұрай ма? Бұл – абсурд! Тамырынан ажырап қалған, не істерін білмей аласұрып жүрген халықтар ғана осындай сұрақ қояды, негізі. Тіл мәселесін біржола шешу үшін - халыққа тарихын оқытып, халықты, ұлтты соған ынталандыру керек.

- Сіз сонда бізді тарихы жоқ халық деп есептейсіз бе?
- Бір мысал. Мен Алматының дүкендерін аралап жүріп тарих тақырыбын қозғаған бір дені дұрыс кітап таба алмадым. Дұрыс қарамаған шығармын, мүмкін. «Меломанда» да болдым. Бүкіл әлемде ғылыми басылымдардың, соңғы шыққан кітаптың бәрін осындай үлкен-үлкен кітап дүкенінен табасың. Сұраныс бар оған. Сіздерде сатылмайды, өйткені халық өз тарихына қызықпайды. Осы жақында ұлттық аспаптар музейінде болып, сол жерден баяғы өткен заманның тарихын, нағыз ұлттық құндылық - балбалды көрдім. Бірақ ол неге ұлттық музейде емес, бір елеусіз зат сияқты болып сонда тұр?
Осыны көргенде, қазақтың тарихын зерттеп жүрген менің жүрегім ауырды. Тарихқа қалай қарасаңыздар, тілге де сөйтіп қарап жүрсіздер..
- Жапонияда тарихи мифке қалай қарайды?
- Біздегі ең үлкен миф – жапон императоры құдайдан туған деген миф.
Бірақ біз, тарихшылар, бұл мифке тиіспейміз. Неге десеңіз – ол біздің рухани матрицамыз. Оның түбінде аңыз жатқанын, шындыққа жанаспайтын нәрсе екенін жақсы біліп отырмыз. Бірақ ол біз үшін қозғамайтын, мызғымайтын тақырып. Киелі, қастерлі тақырып. Жапонияның мемлекет ретіндегі тарихы да осындай аңыз-әпсанадан басталған. Сондықтан сіздер тарихқа бей-берекет қарамаңыздар. Тарихи шындық қалпына келсе, мемлекеттік тіл де өз жолын тауып, ол бара-бара ұлтты ұйыстыратын үлкен факторға айналып шыға келеді!

Аударған Жолымбет Мәкіш

Оқылды 3133 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет