Жұма, 19 Маусым 2020 10:36

Үкімет еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қарады

Үкімет еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қарады https://primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л. Ақтаева, ветеринарлық және эпизоотиялық ахуал туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, жеке қорғану құралдарын өндіру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, өңірлердегі ахуал туралы Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов баяндады.

Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұқпалы аурулардың 57 түрі бойынша науқастану деңгейі төмендеді, оның ішінде  менингитпен ауыру 3,5 есе, қызылшамен сырқаттану 2,8 есе, сальмонеллезбен ауыру 2,1 есе төмендеді. Бес айдың ішінде 1,4 млн адамға жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпе жасалды, бұл егілуге тиіс адамдардың 92%-ын құрайды.   

Ал коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрделі деңгейде қалып отыр. Соңғы екі аптада барлық дерлік өңірде науқастар саны көбейді. Мұның негізгі себебі — адамдардың санитарлық талаптарды орындамауы мен бақылаудың нашарлығы.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ведомствоаралық комиссияның шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалалар мен тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлердің елді мекендерде қосымша шектеу шаралары енгізілді. 

«Бұл шешім жергілікті жерлерде нақты орындалуы тиіс. Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс.  Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін дайындауды тапсырамын. Әрбір өңірдегі жағдайды ескере отырып, іске асырылып жатқан шараларды түзету бойынша жедел шаралар қабылдансын», — деді А. Мамин.  

Премьер-Министр жеке қорғану құралдарының отандық өндірісін ұлғайту және олардың халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды, жасанды тыныс алу аппараттары мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қорын қалыптастыруды, олардың мемлекеттік материалдық резервте болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Әкімдіктерге ірі кәсіпорындардың өз жұмыскерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әртүрлі инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін профилактикалық санитарлық-ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылау тапсырылды.  

Үкімет басшысы халықты жыл сайынғы иммунизациялау жоспарын орындауды және коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-қимыл алгоритмін жандандыруды тапсырды.

Дереккөз: primeminister.kz

Оқылды 2967 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет