Бейсенбі, 23 Шілде 2020 10:09

Екі апталық карантин қандай нәтиже көрсетті?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді:

  • COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;
  • сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;
  • жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;
  • реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді.

Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша  өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіштер тіркелген.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шараларды қабылдауды тапсырды.

Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 4,3 мың карантинді бұзудың анықталғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.

Жедел штаб азаматтардың санитарлық және бетперде режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Біз өмірдің әр адам үшін қымбат екендігіне және қайталанбайтындығына баса назар аудара отырып, қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін "маска көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады. Вируспен күрес барлық қазақстандықтарды "ортақ мақсат сезімімен" біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек. Осы жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік органдардың міндеттерінің бірі», - деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Қорытындылай келе, Е. Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуларға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.

 
Оқылды 2962 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет