Бейсенбі, 06 Тамыз 2020 13:36

Үздік кәсіпкерге дауыс бер!

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау басталды.

Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен, делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады. 

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендетужәненығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу;
  • Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • Аймақта көпке танымал болу;
  • Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы;
  • Бизнесінің тарихы жақсы болу;
  • Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • Облыстық, (қалалық, аудандық) мәслихаттардың депутаты болу (құпталады);
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Өңірлік кеңес мүшелері аталған қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады. Сонымен қатар, кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу жатады. Және де Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құзырлы.

Айта кетерлігі, кеңестің мүшелігіне өтінім беру  7-15 шілде аралығында өткен еді. Дәл қазіргі уақытта кеңестің мүшелігіне сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға дауыс беру жалғасын табуда. Дауыс беру мерзімі 5-11 тамыз аралығын құрайды.

Өзің үздік деп тапқан кәсіпкерге дауыс беру vote.atameken.kz. сайтында онлайн түрде жүргізіледі. Аталған процесске тек салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған азаматтар ғана қатыса алады.

Үміткерге дауыс берудің екі тәсілі бар. бірі ЭЦҚ арқылы, екінші смс хабарлама арқылы. Сайттағы SMS әдісіүшінұйымның БСН / ЖСН, сайлаушының телефон нөмірін көрсету керек, содан кейін SMS-тен алынған кодты енгізу қажет.

ЭЦҚ қолдану үшін ұйымның атына тіркелген кілт сөзді пайдалана аласыз.

Дауысты тек бір ғана үміткерге беруге болады. Тағы еске саларлығы, өз өңіріңіздің кәсіпкеріне ғана дауыс бере аласыз.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 30 бизнес өкілдерінен тұрады. Үздік отыздықты анықтауға ат салысыңыздар!

 

Оқылды 2901 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет