Жұма, 07 Тамыз 2020 10:01

Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бейнеконференция байланысы режимінде жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Кеңесте еліміздің биоқауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер, осы сала бойынша жеке заң әзірлеу, халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау, кадрлар даярлау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жұмысын дамыту қажеттігі талқыланды.

Мәселелерді талқылау барысында ғалымдар мен сарапшылар еліміздің биоқауіпсіздігін одан әрі дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеу үшін диалогтық алаң ретінде құрылған кеңестің маңыздылығын жоғары бағалады.

Білім және ғылым министрлігі биоқауіпсіздік және биотехнология саласында елімізде 12 ғылыми ұйым жұмыс істейтінін, бүгінгі таңда осы ұйымдар аса қауіпті ауруларға қарсы 68 вакцина, биологиялық препараттардың 52 түрін әзірлегенін хабарлады.

Бұл Кеңес үздік әлемдік практикаларды Қазақстанға енгізу үшін беделді халықаралық ұйымдармен, биоқауіпсіздік жөніндегі зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жолға қояды, сондай-ақ басым бағыттарды дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, биоқауіпсіздік саласындағы өнім өндірудің отандық нарығына талдау жасайды.

Премьер-Министрдің орынбасары пандемия жағдайында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Кеңес жаңа технологияларды енгізуді, цифрландыруды, ғылыми жаңалықтарды, сондай-ақ болашақты болжайтын деректерді ескере отырып, биоқауіпсіздікті дамыту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Қысқа мерзімде биоқауіпсіздік саласындағы кадрлардың қажеттілігін анықтау, қазіргі талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын өзектендіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің бағыттары мен тақырыптарын, олардың практикалық маңыздылығын күшейте отырып қайта қарау талап етіледі. Сонымен қатар биоқауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет», — деді Е. Тоғжанов.

Оқылды 2793 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет