Жұма, 07 Тамыз 2020 10:46

Ең үлкен киізүй құрылды

21-23 тамызда Мажарстанның Бугац қаласында дәстүрлі түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы өтеді. 

Бастауын 2007 жылдан алған халықаралық шараға күллі түркі-ғұн ұрпағының өкілдері қатысады. Құрылтай аясында ежелгi көшпендiлердің дала мәдениетi, қолөнері мен өркениеті, ұлттық спорт түрлері, тұрмыс-салты көрсетіледі. Сонымен қатар, осы салада еңбектеніп жүрген ғалымдардың зерттеулері ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасылады. Құрылтай-2020 бағдарламасының ерекшелігі сол, онда биыл әлемдегі ең үлкен Киіз үй тігіледі. Киіз үйге ұлы дала қолбасшысы Атилла (Еділ қаған) есімі берілген. Биіктігі 7 метр, диаметрі 20 метр болатын киіз үйдің негізгі ерекшелігі оның жиналмалығында және көне ғұн дәстүрі бойынша жабдықталғанында. Үйді безендіруші ғалымдарың айтуынша, киіз үйдің ішінен археологиялық, антропологиялық зерттеулер барысында табылған көне мұрағаттар көрмесін тамашалауға болады. Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі, шара қатысушылары мен келген қонақтар, мүмкіндігінше, ұлттық киімін киіп, орта ғасырдағы (9-10 ғғ.) қару-жарақ, құрал-сайман, әшекейлерін көрсетуге тырысады. Әдемдегі соңғы жағдайларға байланысты биыл Қазақстаннан ресми делегация келмесе де, Мажарстандағы қазақ диаспорасы мен студенттері көмегімен қазақ мәдениеті мен салтын танытатын бағдарлама дайындалуда. Биылғы Құрылтайға кәрі құрлықтың көптеген мемлекетінде тұрып жатқан қандастарымыз келеді деп жоспарланyда. Шара ұрпақ сабақтастығы мен ұлыстар достығының бекуіне ықпал етеді. Тағы бір айта кетерлігі, Мажарстан Үкіметі жариялаған эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, биылғы Құрылтай денсаулық сақтау шараларын ескере отырып, ашық алаңда өтеді.

«Мажар-Тұран» халықаралық қорының негізгі мақсаты – ерте түркі-ғұн мәдениетін жаңғыртуға ғылыми ортаны тарту, сол саладағы ғылыми зерттеулер арқылы көпшілікке тарихи тамырластықты таныту. Естеріңізге сала кетейік, түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы – көшпенділер өркениетін танытатын Еуропадағы ең ірі шара. Тұңғыш қазақ-мажар Құрылтайы «Ғасырдан кейінгі кездесу» деген тақырыппен Қазақстанда өтсе (Қостанай обл., Қазақстан, 2007 ж.); екіншісі 2008 жылы Мажарстанның Бөстөрпуста аумағында ұйымдастырылды. Үшіншісі «Тұран халықтарының Құрылтайы» деген атаумен 2010 жылы Мажарстанның Бугац мекенінде өтті. Содан бері түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы дәстүрлі шара ретінде әр екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді.

Оқылды 2718 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет