Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 21:29

Ұстаз мерейі

Серікбай Қорабайұлы  Жылқыбаев жастайынан еңбек сүйгіштігінің арқасында шымыр  болып өсті. Балалық шағы жері шүйгін, топырағы құнарлы, көк-жасыл таулы бұрынғы Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылында өтті. Ата-анасы бүкіл ауыл сыйлаған абыройлы қарапайым адамдар болатын. Содан шығар, Серікбай қабырғасы қатпай жатып ерте еңбекке араласты. Кезкелген ауыр жұмысты жапырып істейтін азамат.

Сабаққа да өте зерек,  мұғалімдерінің   айтқанын бірден  қағып алатын сұңғыла оқушы атанды. Оқушы кезінен есеп-қисапты жанынан жақсы көретін. Арманы физика-математика мұғалімі болу еді. Ұстаздарына қарап, ойын да, бойын да түзейтін. Көп оқушылар физика-математиканы жаны сүймейтін, Серікбай болса достарының арасынан озып  шығып, осы  мамандықты таңдады. Талай достарының есеп шығаруына  көмектесіп, есеп амал-тәсілдерін үйретіп   рахмет арқалаған азамат. Солай жүріп он жылдықты өте жақсы бітіріп, Абай атындағы (қазіргі университет) институттың физика-математика факультетіне оқуға түсті.  Оқушы кезіндегі арманы орындалды. Білікті де, білімді ұстаз атанды. Қолына жоғары білімді дипломын алғаннан кейін Тараз қаласының  аруы Кәмила Ыбрайымқызымен қол ұста-сып жүріп, үйленді. Жаңадан отбасын құрған екі жас қажетті маман ретінде, жолдамамен 1970 жылы  Тараз қаласына аттанды. Тараз қаласындағы Абай атындағы орыс-қазақ орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп, ұстаздық жолын шыңдады. Алдыңғы қатардағы ұстаз атанды. Ұжымдағы абы-ройлы мұғалім болып жүріп  Жамбыл облысының  білім басқармасынан бірнеше рет мақтау қағаздар алды. Алматы облысындағы туған-туыстар «Елге қайт, мұнда мұғалімдік табылады» деп қояр да қоймаған  соң, қайтадан Алматы облысына келді.

Шелек, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы  Ащысай ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы он жылдық мектеп қатардағы қара-пайым  мұғалім етіп қабылдады. Сол мектепте жиырма бес жыл математикадан сабақ берді. Серікбай дайындаған оқушылар талай рет облыстық жарыстарда жеңімпаз атанды. Осы жылдар ішінде ұлағатты ұстаз атанып, аудандық, облыстық білім басқармасы тарапынан мақтау-марапатқа ие болды. Төсбелгілерді иемденді. Аз ғана жылдың ішінде мектеп директорының оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары, мек-тептің кәсіподақ ұйымын басқарды. Отыз жыл ұстаздық еткен мұғалімнің алдынан неше мыңдаған шәкірттер білім алды. Сол шәкірттері қазір егеменді еліміздің нығаюына үлкен үлесін қосып жатыр. Кейбіреулері алыстан болса да телефон шалып қазіргі зейнеткер ұстаздарының хәл-жайын біліп тұрады. Міне, ұстаз абыройы, мерейі деген осы. Серікбай балаларға үйретуден еш жалыққан емес, уақытпен де санаспады. Жоғары оқу орындарына оқуға түсем дегендерге де қол ұшын беріп, өзінің тәжірибелі білімін пайдаланды. Үш ұл, бір қыздан сегіз немере көріп, оның бірі Ерасылы биыл мектеп есігін ашты. Ауданға сыйлы, үлгілі әке, Кәмила апамызбен шаңырақ құрғанына да қырық жеті жыл болыпты. Осы уақытқа дейін сыйластығы жарасып, бір рет те ышай деспепті. Қазір жасы жетпіске келсе де аттан түспей, 1995 жылдан  Есік  аймақтық селден қорғау мекемесінде еңбек етіп келеді. Жүрісі ширақ, денсаулығы мықты ағамыз, әлі де жастарға үлгі-өнеге көрсететініне кәміл сенеміз. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп кемеңгер Абай айтқандай зейнеткерлікке шықса да  еңбек  етіп келеді.

Елге сыйлы ағамызға ұзақ өмір, отбасына бақыт тілейміз.

 

 

Шаяхмет Құсайынұлы,

Қазақстан Жазушылар,

Журналистер

одақтарының мүшесі.   

Оқылды 8457 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қайраткер жолы - ұрпаққа үлгі Ұстаз мерейі »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет