Сейсенбі, 06 Наурыз 2018 14:23

Аналарға мың алғыс!

Жадырап жайнаған гүл көктемнің сұлу мерекесі қарсаңында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ауданымыздағы қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналарымызды «Алатау-Холл»

мейрамханасында

ақ дастархан басында құттықтады.

 

Жыл сайын дәстүрге айналған шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкім орынбасары Айбек Бидаев, облыстық мәслихат депутаты Жангелді Осан, кәсіподақ төрағасы Ильян Жәкеев қатысып, аруларға ақ тілектерін жеткізді.

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі бұл жолы барлық аналардың жүрегін тебірентті. Ізгі ниетін білдірген Бинәлі Әбдіқапасұлы:

Ана – құдіретті күш, асыл жан. Оларға қандай жақсылық жасасақ та борышымызды өтей алмаймыз. Ақындардың ана жайлы өлеңін оқыған кезде мен де осы әдемі шумақтарды анама арнасам екен дейтінмін.

Шеше, сен бақыттысың жыламағын,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын – деп, Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың, жыламағын» атты өлеңін оқып, аналар қауымының шексіз ризашылығына бөленді. Анаға деген шексіз махаббатты бір өлеңге сыйғызған ақиық ақынның өлеңдеріне жүректері елжіреген көпшілік, еріксіз көздеріне жас алды. Бинәлі Әбдіқапасұлы шараға шақырылған әрбір анаға гүл шоқтары мен сыйлықтарын ұсынып, Алғыс хаттармен марапаттады.

Кейіннен, Бекет Ахметов, Ильян Жәкеев ақ тілектерін арнады. Жангелді Осан отбасының емес, елдің анасы атанып, көпке үлгі болып жүрген ақ жаулықтыларға қаржылай сыйлық жасап, ақ батасын алды.

Қуаныш Сарбасова, Көкен Өтегенова, Алмагүл Орынбетова, Күлжамал Табаева, Земфира Брушкевич сынды асыл жандар жиылғандардың атынан алғыстарын жеткізді.

С.НҰРАДИН

Оқылды 8803 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет