Сәрсенбі, 25 Наурыз 2020 09:39

Ата дәстүріңді ұмытпа

Әр халықтың тек өзіне тән салт-дәстүрлері мен жоралғылары болады. Оның көбі кезінде бір жақсы бастамадан не тіршілікке қажеттіліктен туындаса, бүгінде көбісінің шығу себебі ұмытылып, тіптен, қолданыстан да шығып қалған. Заман жаңарған сайын салт-дәстүрлердің де ескіруі заңдылық. Десе де, кейбір ұмытыла бастаған дәстүрлерімізді қайта жағыртсақ, одан ұтпасақ, ұтыла қоймаймыз. Қазіргі кезеңде салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында әлі де кеңінен пайдаланылып жүр. Мәселен, айдар тағу, қонақ кәде, асар т.б. жоралғылар бізге таныс. Ал кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе, жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік.…
Сәрсенбі, 25 Наурыз 2020 09:34

Қариялар – қазығы дәстүрімнің

Ақыл мен парасат, даналық пен өнеге жылдар жылжи бойға жиналып, ақтарып кеп қалсаң қазына іспетті шашылып түседі. Бұл қария деген қазынаның бойынан табылатын қасиеттер. Осы себепті «Қариясы бар ел қазынасы бар ел» деп халқымыз тәмсіл қалдырған-ды. Берекеміз бен ынытымағымыздың негізі, тірлігіміздің тірегі қариялардың орны кез келген қоғам үшін маңызды. 22 Наурыз мерекесіне орай дәл осындай ауданымыздың қариясы, «Алтын адам» әжелер ансамблінің мүшесі, анамыз Ұлжан Жолановамен сұхбат құрған едік. – Апа, кеңестік империяның көзін көрдіңіз. Өзіңіз жайлы және сол кездегі қазақ…
Сәрсенбі, 25 Наурыз 2020 09:31

«Жаңару мерекесі»

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған жаңа жыл мерекесі келді даламызға. Жер-жаһанды сері самалға өпкізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтардың бәрін өткізіп, Самарқанның көк тасын жібіткен наурыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні – Орта Азия халықтары арасындағы ең көне мереке. Қазақ халқы осы жаңа жыл мерекесін ескі заманнан тойлап, қыстан аман-есен шыққанына қуанған. Бұл мереке халқымыз үшін көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп,…
Сәрсенбі, 25 Наурыз 2020 09:27

Бірлігіміз берік болсын!

Наурыз айының 22-сі шығыс халықтары үшін күн мен түннің теңесіп, адамның аузы аққа, төрт түліктің аузы көкке тиген ұлан-асыр мереке. Қыстың қақаған суығын артқа тастап, көктемнің жылы шуағында шомылып, наурыз көжені сүйсіне ішетін кез. Алайда, коронавирус ауруының тарауына байланысты бүгінгі таңда карантин жарияланып, көпшілік болып кез-келген мерекені тойлауға үкімет тарапынан қатаң түрде тыйым салынды. Бүгінде 157 елге тараған індет ел шебіне де енген. Осыған орай ауданымыздың «Ахыска» этно-мәдени орталығы, түбіміз бір түрік ұлтының ақсақалдары наурызға мерекелік лебіз білдіріп және сын…
Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 12:34

Адам мен Жер ана үндестігі

Наурыз – адам мен Жер ананың табиғи үндесуінің айғағы. Табиғат тынысы кеңейіп, ырысы артса, адамның да жаңаруға құлшынысы еселейтін ай. Бұл ретте жүздеген жылдар бойы қазақ халқымен бірге жасасып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған Наурыз мерекесінің орны әрине ерекше. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып жақсылыққа жорыған. Бала кезден құлаққа сіңіп қалған күн мен түн теңелетін сәт деуінің сыры неде? Шығыс халықтарының жыл басы саналған наурыз мейрамы қарсаңында табиғат анада қандай өзгерістер болады? «Әз» деген…
Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 12:23

Толассыз сұрақтар жауапсыз қалды

Жуырда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті. Күн тәртібі де қауырт: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік қызметкердің этикасының сақталуы және олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген және жоспарланған жұмыстар. Бұл – бірінші мәселе. Аудан аумағындағы жолдардың жағдайы екінші боп сараланса, Есік қаласы мен ауылдық округ тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған іс-шаралар да сарапқа түсті. Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі бөлімінің басшысы Айдос Молдабаев есеп…

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет