Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 11:30

Қылмыс ашу көрсеткіші жоғары

Қылмыс... Атауының өзі құлаққа түрпідей тиетін адамның қоғамда жасаған теріс қылықтары мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатыны белгілі. Елімізде қылмыстың алдын алу мақсатында үкімет тарапынан түрлі шаралар қолданылып, заң талаптары күшейтілуде. Тиісінше, еліміздегі қылмыстық көрсеткіш те азайып, құқық қорғау органдарының қылмысты ашу деңгейі жоғарылауда.
Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 11:27

КЕР ЗАМАННЫҢ КЕРI-АЙ!

(немесе балаларға зорлық көрсету не масқаралық?) Өмірде көп көргеннен көрмегенің, Көрмегенді көрерсің өлмегенің. Расында адам айтса нанғысыз жағдайлардың куәсі боп жүргеніміз шындық. Ұрып-соғу, ұрлық, адам өлтіру құлақ үйренген қылмыстар ғой (әрине олай болғанын қаламасақ та. Автор). Ал өз баласын буындырды, көпқабатты үйлерден лақтырды немесе кішкентай қызды зорлап кетіпті деген не масқаралық? Сөзім дәмсіз болмасын, дәлелмен айтайын, Алматыда қос қызын терезеден лақтырып, артынша өзі де өлмекке оқталған 33 жастағы ананың қылығын қайтып ақтап аламыз.
Жұма, 11 Қыркүйек 2015 10:47

Жаңа дерт

(Компьютерге тәуелділік ғалымдарды алаңдатуда) – Балам, келе ғой кешкі асыңды іш. – Қазір... – Болсаңшы суып қалады. – Міне, келе жатырмын. – Не істеп жатырсың соншалықты? – Ештеңе... Келе жатырмын ғой. Таныс жағдай ма? Иә, үйінде компьютері бар ата-аналар үшін бұл күнделікті қайталанатын оқиға. Компьютердің алдына жайғасқан баланы дүкенге жұмсау былай тұрсын, тамаққа шақырудың өзі қиындап барады бүгінде.
«Басқа амандық, асқа адалдық берсін» дейтін тәмсіл бар-ды қазақ халқында. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылықтар болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Химиялық зиянды қоспалармен өсірілетін көкөністерден бастап дәрі беру арқылы тез арада сойысқа жараған тауық еттері, ГМО өнімдері астың адалдығын күннен-күнге күрделі мәселеге айналдыруда.
 Мәдиналық мұсылмандардың бірі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, көмек сұрайды. Ол мұсылманға: – Үйіңде ештеңе жоқ па? – деп сұрақ қояды. Әлгі кісі: – Бір жағын үстімізге жамылып, бір жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су ішетін ыдыс қана бар, – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): – Бар, соларды маған алып кел, – деп қайтарып жібереді.
Жақын арада Алматы облысында аналогты эфирлік телевизияны өшіру жоспарлануда. Бұл туралы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Алматыдағы сату бөлімінің бас маманы Мади Аденов аудан әкімдігінде өткен жиында хабарлады. – Жақын арада Қазақстан бойынша толқын арқылы хабар тарату тоқтатылады. Телевизия сандық форматқа көшіріледі. Енді шалғай елді мекендегі тұрғындар форматы сапасыз арналарды көріп, сырттағы антеннаны айналдырып әуре болмайды – дейді Мади Аденов.

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет