Аудандық әкімдік ғимаратында аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың бастамасымен «Ашық әкімдік» жұмыс істей бастады. Бірінші қабаттағы кең фойеде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің: білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. «Ашық әкімдік» аудан тұрғындарының қажетті құжаттарын жинақтауға ыңғайлы болу үшін құрылды. Яғни барлық бөлімдердің мамандарын бір жерге топтастырып, тұрғындардың арлы-берлі жүгірмеуіне жағдай жасалып отыр. Сондай-ақ eGov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы…