Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласынан кейін туындаған алғашқы ой тек тақырыбының өзі бұл жариялымның мазмұнын меңзеп, бағыт-бағдарын анықтап тұрғанын көреміз. Өмір деген - ескінің тозып, жаңаның озып тұрған үздіксіз үдеріс, тоқтаусыз қозғалыс екенін ескере отырып, сол ескіде де есті дүниелер бар екенін ұмытпауымыз керек-ақ! Ғасырдан астам бұрын хакім Абай қазағын қатты сынай тұрып, үлкен жанашырлықпен «Ғылым таппай мақтанба» деп білімге, оқуға, озық ойға, саналы өмірге жетеледі емес пе?! Бүгінгі күнге арнап айтқандай,…