Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:56

Атына заты сай еді

Баяндыны мен Еңбекшіқазақ Шелек аудандары қосылмай тұрып, сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдары Қазақстан астанасы да, Жетісу өңірінің орталығы да Алматы қаласында болған кезеңнен бері білетін едім. Білгенде, таныс болып білдім демеймін. Тұрған тұрысы, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, тағы басқа әр адамның өзіне ғана тән көзге ұрып тұратын ерекшеліктері болады. Қазақстан Журналистер Одағының съезі ме екен, әлде осы шара секілді бір жиын ба екен – мойнына фотоаппарат асынған тұлғалы да бойшаң, ашаң өңді жігіт маңғаз тұрысымен, сабырлы жүрісімен өзіне еріктен тыс…
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:26

Бір отбасы баспаналы болды

Күйбең тіршілікте бала-шағаның қамы үшін еңбек ете жүріп барлық нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес қазіргі уақытта. Әсіресе, нарықтық заманда баспаналы болу оңайға соқпайтыны анық. Осы орайда, Мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын қабылдап, қазақстандықтардың жаңа үй сатып алуына жеңілдік жасап берді. Алайда, Масақ ауылының тұрғыны Руслан Қарақойшиев мемлекеттік бағдарламасыз-ақ баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлады жақында. Адал еңбек еткен жұмысшысына облыстық мәслихат депутаты, «Баттал» шаруа қожалығының басшысы Қуат Сұлтанғазиев Масақ ауылынан үй сатып алып берді. «Нұр Отан» партиясының «Наурыз челлендж» акциясы аясында…
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:26

Тарихтан сыр шерткен ширек ғасыр

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деген болатын. Өлкеміздің мақтанышы «Алтын адамның» мекені, тарих қойнауына сапар шектірер киелі орын Есік археологиялық-өлкетану музейі 25 жылдығын тойлады жуырда. Айтулы датаны атап өтуге қалалық әкімдік, «Алтын адам» әжелер ансамблі мен Қаракемер мәдениет үйінің өнерпаздары және қала тұрғындары қатысты. Алғашқы болып құттықтау сөз…
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 17:51

Тектінің тұқымы

Бұл күнде жасымыз жарты ғасырдан асып, алдымыз келін түсіріп, қыз ұзатып немерелі болып, ата-апа атанған достарымды кездестіргенде бала күнгі бал қылықтарым еске түседі. Біздің ауылда алдымыздағы аға буындардың үлгісі болар 6,7 класқа келгенде, жастары қатар құрдастар он шақты, тіпті одан да көп балалар бірігіп, достық құратын дәстүрге айналған үрдіс бар еді. Шамасы 1982 жылдың көктем айы болса керек, 7 сыныпта оқимыз. Үзіліс кезі болатын, кластас достармен мектеп ауласында жүргенмін. кенет «В» сыныбында оқитын аласа бойлы өзі бұзықтау Мақсат Мұсабеков келіп…
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:46

Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кесер.

Күннің бетін бұлт көлегейлеп, ай жүзуін тоқтатпайынша тіршілік тынысы жалғасатыны ақиқат. Әлбетте, арсыз адам, зарлы заман болса да... Әйткенмен, пасық пиғылдардың да жіңішкеріп, үзілетін кезеңі келеді. Айналаңдағы айуандықтарды көргенде, сезгенде осындай ойға іштей сенім артып, өз-өзімді алдаусыратып қоятыным бар. Арын сатқан тексіз қыздарымызды ұлт болып тезге сала алмай әлекпіз, бағытын батыстан іздеген жастарымыздың сәбилерін қоқыстан іздеп біз жүрміз. Алдымыздағы көлік терезесі ашылса, шақалақ шыр ете ме деп алаңбыз. Сәбиін саудалаған ананы жазаға тартпай, шетел асқан ұлт ертеңінің тағдырына алаңдаймыз. Ересегін…
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 14:58

«Ғасыр үнімен» үндескен ақын

Өмірін өлеңмен өріп, шығарма-шылығын журналистикамен шыңдаған, қалтарысы мен бұлтарысы көп тағдыр жолында шалынбай, құласа да қайта тұрып алға ұмтылған қайсар жан Шаяхмет Құсайынұлының шығармашылығына 50 жыл толған мерейтойына куә болдық жуырда. Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер одақтарының мүше-сі, ауданның «Құрметті азаматы», «Құрметті туындыгері», 2010 жылғы республикалық «Қазақстан» телеарнасының «Таңғы шық» мүшәйрасының бас жүлдегері, «Хабар» АК-нің «Білім және Мәдениет» телеарнасының 2015 жылғы «Наурыз жыр» мүшәйрасының лауреаты Шаяхмет ағаның кеші Есік қаласындағы археологиялық-өлкетану мұражайында, сол қастерлі мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Алғашқы…

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет