Бұл күн – қазақ халқының мейірімділігі мен жомарттығын еске алатын күн. Бүгінде Жаңашар ауылдық округінде 3 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Осыны айтқан этномәдени бірлестік өкілдері қазақ халқына жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті. Гүлшат ЛАВЬЯЕВА, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Айгүл Мукаева балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекемен құттықтады. Шара барысында бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтарда тәрбие тағылымы толық қамтылды. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке шақыратын бұл күнде биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары «Елбасына мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. А.ОСПАНОВА, бастауыш бірлестік жетекшісі.
Шараға оқушылар жауапкер-шілікпен дайындалып, шынайы ниеттерімен ең бірінші өмір сый-лаған Жаратушыға, Отанына, өмірге, еліне, жеріне, ұстаздары-на, бір-біріне алғыстарын жеткі-зіп, жақсы тілектерін білдірді. Түрлі ұлттарда алғыс айту күні қалай аталып, қай кезде мерекеленетініне тоқталып өтті. Оқушылар өзге ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Шара соңында түрлі ұлт өкілдері Қазақ еліне өз тілдерінде алғыстарын білдіріп, тілектестіктерін айтты. Мереке соңы ән мен әуезге толы әдеби-сазды кешке ұласты. Н.ЖЫЛГЕЛДИЕВА, О.Жандосов атындағы орта мектеп.
Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты. А.САБАНШИЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 09:27

Тағылымы мол мереке

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаев: «...Барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» – деп, мерекелік датаны ұсынған еді. Содан бері үшінші жыл қатарынан аталып отырған мерекенің мәні арта түсті. Сталиндік режимнің құрбаны болған ұлттар қазақ халқына алғысын жеткізіп, бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тағылымы мол мейрам ауданымызда да аталып өтті. Қайназар ауылындағы мәдениет үйіндегі шараға этно-мәдени орталық өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиылған көпшілікті алғашқы болып…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 17:10

Ұстаздық еткен жалықпас...

Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Абдықадырова Жұлдыз Сейтжанқызының көктемі мен жазы, қырау-лы күзі жас ұрпақты тәр-биелеумен өтуде. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздар үшін айтылса керек. Шелек селосындағы В.И.Ленин атындағы орта мекте-бін үздік бітіріп сол жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетін математика және информатика мамандығы бойынша тәмәмдап шыққан Жұлдыз Абдықадырова еңбек жолын 1998 жылы Шелек селосындағы №7 кәсіптік мектебінде мұғалім болып бастады. 2007 жылы информатика мұғалімдері арасында өткізілген «Алтын диск» облыстық байқауында жүлделі…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет