Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 11:49

СПОРТ: жетістік пен кемшін тұс

Әлемдік сарапшылар спортты ел дамуындағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде бағалайды. Өйткені спорт – халық  денсаулығының  кепілі. Бүгінде ауданымызда спорттың дамуына мол мүмкіндіктер жасалуда. Дей тұрғанмен, өңірде кенжелеп қалған спорт түрлері де жоқ емес. «Түлеуі мен түрленуіне түрлі факторлар кедергі болған  спорт түрлерін дамытудың қандай ұтымды жолдары бар?» деген сауал төңірегінде спорт сарапшыларымен ой бөліскен едік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда ауданымызда бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға, тұрғындардың  қалаған спорт түрімен  айналысуға мүмкіндік беретін  395 спорттық нысан жұмыс істейді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ақпаратына негізделсек, бүгінде өңір  тұрғындары тегін спорттық секцияларға бара алады. Атап айтқанда, баскетболдан, волейболдан, футболдан, гандболдан, үстел теннисінен, регби, сол секілді 85-ке жуық секция өз жұмысын атқарып келеді. Сонымен қоса дзюдодан, бокстан, самбодан, еркін күрестен, гір спорты, семсемсерлесуден, дартс, жеңіл атлетикадан, шахмат, дойбыдан – 40-қа  жуық секцияның  қызығушыларға есігі айқара ашық. Қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, теңге ілу, асық ату сынды  ұлттық спорт түрлерінен – 40-қа жуық секция өңір спортының дамуына үлес қосып келеді.

Жоғарыдағы секциялар аудан спортын алға сүйреуге өзіндік серпін беруде. Дегенмен, ауданымызда кері кеткен немесе кенжелеп қалған спорт түрлері де жоқ емес. Спорт бөлімінің мәліметіне қарағанда, ауданымызда гандбол, жүзу, қысқы спорт ойындардың дамуы тежеліп отыр. Бұл ретте,  бөлім басшысы Ерболат Сарабеков: «Ауданымызда қысқы спорт түрлеріне және жүзу спортына арналған ғимараттар мен алаңдар жоқ. Арнайы орындармен, жабдықтармен қамтылмаған. Осыған байланысты, алдағы уақытта бассейндер мен қысқы спорт түрлеріне арналған спорттық  базаларға бюджеттен сұраныс қарастырылады. Әсіресе, гандболдан жаттықтырушылар құрамы жетіспейді. 300 мыңнан астам тұрғын өмір сүретін ауданда небәрі 6 гандбол жаттықтырушы бар. Сол себепті алдағы уақытта басқа аумақтардан гандбол жаттықтырушыларын тарту жұмыстарын қолға аламыз. Өйткені гандбол мен жүзу түріне сұраныс көп. Аталған спорт түрлеріне жастардың қызығушылығы аса жоғары. Бірақ біз бапкерлердің аздығы мен  бассейндердің жоқтығынан  жұрт сұранысына жауап бере  алмай отырмыз», – дейді.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің дерегінше, облысымызда гандбол спорты қарқынды дамып келеді. Әсіресе, іргелес жатқан Іле ауданының гандбол командасы халықаралық деңгейде де жеңіс тұғырынан көріне бастаған. Бүгінгі таңда Алматы облысының Алакөл, Панфилов, Райымбек, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында гандболдан бөлімшелер ашылған. Ол гандбол филиалдары жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істеп келеді. Ауданымызда да жасөспірімдердің гандбол спортына қызығушылығы арта түсуде. Өйткені қол добы спорты нағыз тер төгіп, шеберлікті паш ететін олимпиадалық спорт ойыны. Бөлім мамандары  көршілес ауданның көрнекті  нәтижесі бізге де әсер  ететіндігін, қазір олардың үздік тәжірибесін үйреніп жатқандығын айтады.

Шыны керек, ауданымызда қысқы спорт түрлерінің де тұралап тұрған жайы бар. Сарапшылар базаның жоқтығы, бапкердің тапшылығы және ке-ректі ресурстардың жетіспеушілігі аталмыш спорттың аяғына тұсау салып отырғанын растайды. Десе де, қысқы спорт  әлеуетінің артуына мұрындық болатын қажеттіліктер де керек. Талай байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спорт саңлағы, КСРО спорт шебері Алпыс Ермағанбетов қысқы спорттың тамырына қан жүгірту үшін оны бұқаралық спорт түріне айналдыру қажет деп санайды. Спорт шеберінің сөзінше, қысқы спорты дамыған Канада, Ресей сияқты елдерде қысқы ойындар бұқаралық спорт ретінде қаралады. Аталған елдерде миллиондаған адам қысқы ойындарға әуестенеді. Мысалы, бізде бокс бұқаралық спорт түріне айналған. Сондықтан екінің бірі бокс залына барады. Сол мыңдаған әуесқой арасынан жүздеген үздік боксшы жетіліп шығады. Сондықтан да Қазақстан әлемдік әуесқой бокста ең мықты елдердің бірі саналады. Спорт шебері ауданымыздағы мектептер мен мекемелерде қысқы спортты насихаттау қажеттігін, сонымен бірге аудан көлемінде қысқы спорттан түрлі жарыстар жиі өткізілуі керек екендігін тіліне тиек етті. Өйткені  чемпионатта шеберлік шыңдалып, жүлдеге таласта жүйріктер сараланбақ. Бұл ретте Алпыс Ермағанбетов: «Қай-қай саланы дамыту үшін ең бастысы мықты база керек. Сосын барып нәтиже сұрауға болады. Қысқы спортты қолға алу үшін жүйелі жұмыстар жасалуы тиіс. Ең әуелі әр ауылдық округтен шағын болса да, мұз айдындарын салған жөн. Сосын аудан орталығынан қысы-жазы жұмыс жасайтын мұз сарайы болған дұрыс. Сонда қыс бойы өз ауылдарында коньки теуіп шыныққан балалар қар еріген соң аудан орталығында жаттығуын жалғастыра алады. Ең бастысы, қысқы спортты мектеп қабырғасынан бастап қолға алу қажет. Ол үшін мектептерде қысқы спортқа бағытталған оқу бағдарламасы әзірленіп, белгілі деңгейде базалық мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Яғни, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерін курстан өткізіп, қысқы спортты дамытуға мүмкіндік туғызу керек. Кезінде балаларды талай жарысқа апардық. Сонда байқағаным, балалар өздері айналысып көрмеген спорт түрлеріне қызығады. Баланың сол мінезін пайдаланып, қысқы спорт түрін дамытқанымыз дұрыс. Өйткені бұрын шаңғы теуіп көрмеген бала аса қызығушылықпен тез меңгеріп алады. Сондай-ақ осы спорт түрімен  айналысатындардың шеберлігін шыңдау мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Мен 60-тан асқан ша-ғымда шаңғышылардың чемпионатына қатысып, республикалық спорт шебері атанған талай жасты жолда қалдырдым. Бұл біздегі қысқы спорт шеберлерінің қай деңгейде екендігін көрсетеді. Сондықтан жоғары деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу үшін оқу орындарында іргелі теориялық және тәжірибелік әдістемелер жасалуы шарт. Қысқы спорт  түрлерін дамыту үшін нәтиже де аса маңызды. Қазір бізде облыстық чемпионатта топ жарып жүрген шаңғышылар бар. Бұл біздің ауданда қысқы спорт шеберлерінің жетіліп келе жатқанын көрсетеді. Егер олар республикалық және халықаралық жарыстарда  топ жарса, біздің өңірде қысқы спорттың дамуына  жаңа мүмкіндіктер туады», –  дейді.

Кей ауыл тұрғындары балаларды қысқы спортқа қызықтыру үшін әдемі етіп мұз қалашықтар салу керектігін, қазір қыстың уақытында балалар сыртқа шығып ойнамай, үйде смартфон мен компьютердің алдында отыратындығын айтады. Олардың сөзінше, егер ауданымызда бала қызығатындай сырғанақтар мен мұздан жасалған түрлі мүсіндер қойса, бала біткен сол маңнан табылады.

Қанатын кеңге жая алмаған спорт түрлерінің бойына қан жүгірту үшін жас спорт шеберлері мен мамандарды дайындаудың да  маңызы зор. Ол үшін болашақ спорт шеберлерін оқытуға мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Осы ретте, ауданымыздағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқарушы Мубарак Маметов: «Кенжелеп қалаған спорт түрлеріне серпін беру үшін оларды өнімді оқытуды қолға алу керек. Бізде гандбол, жүзуді оқыту бағдарламасына енгізу қиындық туғызып отыр. Өйткені аталған спорт түрін оқытуға базалық негізіміз  жоқ. Оның үстіне маман тапшылығы тағы бар. Себебі, біздегі төмен жалақыға жас мамандар жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан жас мамандарды ауыл спортын дамытуға шақыратын кешенді бағдарлама керек», – дейді. Кей спорт мамандары: «Ауылға баратын спорт мамандарына жолақысын беру, пәтермен қамтамасыз ету, дұрыс еңбекақы төлеу секілді шараларды жүзеге асыру керек.  Кеңес заманында осы мәселе жақсы жолға қойылған еді. Соны жандандырған жөн. Өйткені жас маманды ынталандыру керек», – дейді. Ал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі өңір спортын өркендетуге жас мамандарды шақыруға құлшыныс жасап жатқандығын, ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандардың жұмысқа алынғанын айтады. Олар бұл үдеріс алда жалғасын табатынын, десе де, осы мәселе жергілікті әкімдік тарапынан қолдауға мұқтаж  екенін  де жасырмайды.

Адамды ұтқыр шешімге, ұтымды ойға тәрбиелейтін спорт түрінің бірі – шахмат. Қазір қазақ елінде әлемдік белестерді бағындырған үздік шахмат шеберлері бар. Олардың халықаралық додаларда жеңіс тұғырында салтанат құруы шахматқа құмар әр жеткіншектің көкірегіне арман ұялататыны шындық. Бірақ сол шахматқұмар жалынды жастың шеберлігін шыңдауға жағдайдың жар бермейтіні тағы бар. Бұл сөзімізді шахмат шеберлерінің өзі растайды. №1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат шебері Диларам Ходжаниязованың айтуынша, қазір көптеген мектепте шахмат үйірмесін ұйымдастыратын кабинеттер жоқтың қасы. Сонымен қоса шахмат үйретуге арналған  кұрал-жабдықтар мен арнайы бапкерлер жетіспейді. Бұл жайт мектептердегі шахмат үйірмелерін ұйымдастыруға мүмкіндік бермей отыр. Бұл ретте Диларам Ходжаниязова: «Шахмат ақыл-парасаттың толысуына жол ашатын ойын. Ол тіпті жасөспірімдерді рухани дағдарыстан құтқарады. Ғалымдар шахмат арқылы суицидтің алдын алуға болатындығын айтады. Қазір елімізде өз-өзіне қол салатын оқушылардың қатары көбейіп барады. Сондықтан да мектептерде шахмат үйірмесін ұйымдастырудың маңызы зор. Алайда,  кей мектептер шахмат үйірмесін ұйымдастыруға селқос қарайды. Жақында №1 Рахат орта мектебінде шахмат үйі ашылды. Онда шахмат үйретуге жақсы жағдай жасалған. Сондықтан өзге  мектеп ұжымдары да   шахмат үйірмелерін ұйымдастыруға көңіл  бөлуі қажет», – дейді.

Белгілі спорт шебері Елмұрат Қайыпжанов аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінің тым кенжелеп қалғандығын айтады. Оның сөзінше, спорттың бұл түрін дамытудың маңызы зор. Өйткені аталған спорт түрлерінің дамуына мүмкіндік берілсе, ауданымыздың спорттық әлеуетін арттырумен бірге қысқы туризмнің аяқ алысына да серпін беруге болады. Оның сөзінше, аудан аумағында қысқы спорт пен туризмді дамытудың мүмкіндіктері жеткілікті. Спорт шебері кенжелеп қалған спорт түрлерін дамытуды тек бюджет қаржысына сүйеніп шешу қиындық тудыратындығын, тұралап қалған спорт түрінің бойына қан жүгіртуге қаржылық әлеуеті бар азаматтардың демеушілік  жасауы керек екендігін айтады. Спорт саңлағының айтуына қарағанда, дамыған елдерде спортты бизнес ретінде қолға алып, оның әлеуеттенуіне арнайы жұмыс істейтін компаниялар  бар. Ол кез келген спортқа мүмкіндік жасаумен бірге өздері де пайда табады. Сондықтан да бізге де нарықтық сұранысқа сай спорт түрлерін дамытудың жолын іздеген жөн. Ал аудандық спорт бөлімі қазірге кенжелеп қалған спорт түрлерін дамытуға қаржы салғысы келетін кәсіпкерлердің  жоқ екендігін айтады.

 

ТҮЙІН:

Біз сөз етіп отырған спорт түрлеріне байланысты базаны жаңарту, әлемдік жарыстарға шығу, мәселесі ең өзекті. Осы түйінді  аудан басшылығы мен кәсіпкерлер басты назарға алып, жүйелі жұмыстар жасалса, қазірге тұралап қалған  спорттан да олжа  аларымыз хақ.

 

                                               Ерзат АСЫЛ

Оқылды 2736 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет