Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 10:14

Биыл Алматы облысында 5 спорт кешені салынады

Алматы облысында спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда өңірде 11 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Ал биыл тағы бесеуі салынады. Сондай-ақ ауылдарда 8-ден астам шағын спорт кешендерін ашу жоспарлануда. Бұл туралы спорт саласындағы 2020 жылдың қорытындысын шығаруға арналған салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен және 37 миллион теңге сомасындағы ақшалай сертификаттармен 54 адам марапатталды. Олардың арасында халықаралық аренада қала мен елдің намысын қорғайтын спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, спорт мектептерінің басшылары, сондай-ақ спорттық өмірді белсенді насихаттайтын журналистер бар. Сондай-ақ, өңір басшысы облыстың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған шағын автобустар мен жеңіл автомобильдердің – 22 көліктің кілтін табыс етті.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзінде денешынықтыру және спорт саласын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау – ұлт денсаулығын нығайтудың негізі, мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысында спортты жан-жақты дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Бүгін облыс тұрғындары облыс орталығында құрылысы аяқталуға жақын бірегей нысан – олимпиадалық типтегі жабық жүзу бассейнінің ашылуын асыға күтуде. Өткен жылы Қарасай және Ескелді аудандарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Көксу ауданы Балпық би ауылында спорт кешені ашылуға дайын. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында осындай 5 кешен Балқаш, Алакөл, Ұйғыр, Ақсу, Райымбек аудандарында салынуда. 2020 жылы облыста спорт саласын дамытуға 18,3 миллиард теңге жұмсалды", –  деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ, арнайы қонақтар – қазақстандық кәсіпқой палуан Ардақ Назаров, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров, қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы шақырылды. Кездесу барысында Ардақ Назаров әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, облыс әкіміне спортшыларға арналған «Оскар» сияқты дәстүрлі «Хан Тәңірі» өңірлік сыйлығын өткізуді ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов спортшының идеясын қолдады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғана облыс спортшылары Жетісудың қоржынына  292 алтын, 258 күміс және 303 қола медаль салып, 853 түрлі дәрежедегі марапатты жеңіп алды. 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 спорт шебері, 375 спорт шеберіне үміткер және 166 бірінші спорттық разрядты спортшы дайындалды.

Жергілікті спортшылар Токиодағы XXXII (32) жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 7 жеке және 1 командалық лицензия алды. Олардың арасында Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин (садақ ату), Айман Ратова (жеңіл атлетика), АсхатДілмұхамедов (грек-рим күресі), Пономарев Сергей (велоспорт), Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика) бар. Барлығына ақшалай сертификаттар берілді.

Командалық спорт түрлерінен де нәтижелер байқалады: волейбол, регби, футбол. Мысалы, Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында еліміздің 8 дүркін чемпионы және Қазақстан Республикасы Кубогының иегері, Қазақстан Республикасы Суперкубогының екі дүркін иегері, аты аңызға айналған  «Жетісу» волейбол клубы биыл өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ, «Жетісу» футбол клубы 40 жылдығын атап өтеді.

 

Оқылды 2858 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет