Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 10:22

Алматы облысында 8 шағын ДШК салынады

Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласында «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» және «Қазақ күресі» ассоциациясының Алматы облысының спортшыларымен кездесуі өтті. Алқалы жиынға өңір басшысының орынбасары Рустам Али арнайы келді. Дөңгелек үстелдің аясында жігіттің жүректісі ғана төбе көрсететін спорт түрлерінің өткеніне баға беріліп, келешегіне бағам жасалды.

Жеті өзені тоғысқан өлкеде, жауырыны жерге тимеген ұлттың ұландарын шыңдау мақсатында түрлі спорттық шаралар жүзеге асуда. Ал, кіл жүйріктер топ жаратын аламанға саңлақтарды дайындау үшінде, аранайы «Алтын орда» құрылуы тиіс. Бұл ретте, өңір басшылығы нысанадан мүлт кетпеді.

Оғландардың басын бір арнаға тоғыстыру мақсатында, 2019 жылдың наурыз айында Алматы облысының жауынгерлік өнер қауымдастығы кереге жайған еді. Аталған бірлестікке 16 облыстық спорт федерациялары кіреді. Бір шаңырақтың астында топтастырылған спорттық ұжым жүйелі істер атқарудан тайынған емес. Соның бір дәлелі, 2019 жылы мамыр айында облыстық жауынгерлік өнер фестивалінің өткізілуі еді. Бұған барлық 16 федерация қатысқан болатын.

Айналасы екі жылдың ішінде Алматы облысындағы жауынгерлік өнер ассоциациясындағы спорт түрлері бойынша топ жарған спортшылардың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай.

«Біздің сайып қырандарымыз, осы уақыт ішінде Азия ойындарынан 2 алтын, 3 қола медаль. Әлем чемпионаттарынан 78 алтын, 54 күміс, 57 қола жүлде, Азия чемпионаттарында 63 алтын, 17 күміс, 21 қоланы қанжығаға байлады. 85 спортшы халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 115-і ҚР спорт шебері дәрежесінге жетіп отыр», – дейді Алматы облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының жетекшісі Айдос Әбілмәжінұлы.

Аймақта спорт саласына қажетті көңіл бөлінуде. Оның айқын көрінісі – елді мекендерде заманауи кешен құрылысының бастау алуы. Кезедесу барысында Рустам Али: «Барлық өңірлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бүгінде оның саны 11-ді құрап отыр. Тағы бесеуі биыл қолданысқа беріледі. Облыстық спорт басқармасының ұсынысымен 8 шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Бұндай нысан халық саны 3 мыңнан асқан шалғай ауылды мекендерде бой көтереді. Алдағы таңда осы бағытта жұмыс жасала береді», – деп айтты.

Елімізде жауынгерлік өнерден бөлек, атадан балаға мұра болып қалған ұлттық құндылығымыз, қазақ күресін республикалық және халықаралық аренада дамыту жұмысы да жолға қойылған. Аталған межені бағындыру мақсатында «Қазақ күресі» федерациясы құрылды. Сондай-ақ, «Қазақ күресі» қауымдастығынының Президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен «Қазақ күресі академиясы» есігін айқара ашқан еді. Осы арқылы спорт саласында ғылыми-практикалық базаны нығайтып, мамандардың біліктілігін арттыру көзделген. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру қазақстандық қоғамдық даму» иниститутымен бірлесе отырып, «Қазақ күресі» арнайы тұжырымдамасы дайындалғанын атап өткен жөн. Жоба ұлттық күресті насихаттау арқылы қазақ халқының бірегейлігін сақтап, әлемдік деңгейде Қазақстанның оң иммиджін қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық спорттың беделін көтеруге арналған іс-шаралар легі мұнымен толастар емес. Биыл алғаш рет «Үздіктердің үздігі» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кубогы үшін сайыс ұйымдастырылады. Аталған додада 8 салмақ дәрежесінде спортшылар бақ сынайды. Солай еліміздің бас палуаны анықталады.

Жиын барысында Алматы облысында «Бөрі» атты қазақ күресі федерациясы қоғамдық бірлестігі құрылғаны тілге тиек етілді. Бірлестік 2013 жылы 25 сәуірде заңды түрде тіркелген. Бүгінгі күні федерацияда 1500-ден астам спортшы тіркелген. Қазірде 56 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның 4-еуі жоғары санатты. Жалпы, облыс бойынша 17 аудан, 2 қалада қазақ күресі бөлімдері жұмыс істейді. Олардың барлығы арнайы жабдықтармен қамтылған. Бұл ретте облыстық спорт басқармасының жан-жақты қолдау білдіретіндігін айтқан абзал.

Алқалы отырысқа арнайы келген «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» және «Қазақ күресі» қауымдастығының бас директоры Абат Саматұлы қаладағы спорт нысандарының жағдайына жоғары деңгейде баға беріп, аймақ әлеуеті туралы сөз қозғады.

«Мен Талдықорғанға араға он жыл салып келіп отырмын. Шаһар жақсы дамыған. Көрсең, көзің тояды. Бірқатар спорттық нысандардың бой көтергені – спортшы қауым үшін үлкен қуаныш. Өңір халқына, әсіресе, жастардың жан-жақты жетілуіне ықпал етіп отырған облыс басшылығына алғысымды білдіремін. Спорттың қай түрі болмасын, ерекше. Соның ішінде ұлтымыздың қанымен біте қайнасқаны – қазақша күрес. Бұл – біздің мақтанышымыз», – деп түйіндеді сөзін Абат Имамбаев.

Оқылды 1953 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет