Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 12:37

Фируза Шәріпова ресейлік боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Қазанда қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Чернобородова арасындағы жекпе-жек аяқталды. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте Фируза Шәріпова қарсыласын төртінші кезеңде техникалық нокаутпен жеңді.

Prosports.kz-тің хабарлауынша, Фируза Шәріпова кездесу басталғаннан белсенді жұдырықтасқан. Төртінші раундта ол қарсыласының бауыр тұсынан ұрып, нокдаунға түсірді.

Төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Фируза техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Енді оның кәсіпқой рингте 13 жеңісі бар, оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Еске салайық, боксшылар жаңа М13 ұйымының титулын сарапқа салған болатын.

Vesti.kz хабарлауынша, Шәріпованың қарсыласы ресейлік Софья Очигава болуы керек еді. Қазақстандық боксшы онымен 2016 жылы жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.

Басылым мәліметінше, Шәріпова мен Очигава жеңіл салмақтағы IBA және WBC Silver титулын сарапқа салуы керек еді. Жекпе-жек жеңімпазы абсолют әлем чемпионы Кэти Тейлормен кездесуге міндетті үміткер саналатын. Бірақ жекпе-жекке екі күн қалғанда Очигава белгісіз себептермен жекпе-жек өткізуден бас тартты.

Кейін қазақстандық боксшының ресейлік Юлия Чернобородовамен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды.

Оқылды 2334 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет