Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 10:20

Алихан – Азия чемпионы

Жаны жақсы ағаның

Етегін баспа, жолын қу.

Болайын деген баланың

Бетін қақпа, белін бу.

Иә, «болар бала болмысынан» екенін дана қазақ тауып айтса керек. Сондықтан болар, талабы таудай жеткіншекке қолдау білдіріп, талабын шыңдауға барын салған. Мақаламыз спортты жанына серік етіп, айдай әлемді аузына қаратқан әлемдік бәсекеде көк Туымызды көкке көтерген

Алихан Тоғызбай жайлы.

Ауданымыздың жас спортшысы Алихан Ермекұлы 26-27 тамыз аралығында Үнді елінің  Коимбатур қаласында өткен спорттың Мейбукан Годзю-рю каратэ-до түрінен  өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, «Азия чемпионы» атанды.

Жалындаған жігерімен, бапкерлері-нен түйген шеберлігімен құрлық жарысында, спорттың жекпе-жек, «ката» түрлерінен қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан Алихан байрақты бәсекеде талайдың таңдайын қақтырған. Азия елдерінің 2 мыңға жуық кіл мықтылары бақ сынаған бәсекеде Қазақ елінің абыройын асқақтатып, алтын медальмен екі алтын кубокті еншілеп, жас жеткін-шегіміз «Азия чемпионы» атағымен елге  оралды.

12 жасар Алихан бала күнінен спортқа құмартып, осы саладағы аға-әпкелеріне еліктеп өскен. Небәрі 4 жасынан жанына жақын каратэмен айналысып, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы спорт мектебінің бапкері Фархат Мурсалиевтің тәрбиесінде болған.

Алихан күннен-күнге, жылдан-жылға ынталанып, бапкерінен тәлім алып, 2021-жылға дейін талай жетістіктерге жеткен. 2022-23 жылдар аралығында Алматы қаласында бапкер Нұрлан Керімбаевпен жаттығып, спорттық  ше-берлігін шыңдаған.

Нұрлан  Керімбаев – әлемдік деңгей-дегі еңбек сіңірген бапкер, әлемдік сыныпты  төреші, қара белбеу иегері, спорт шебері, Республикадағы Мейбукан Годзю-рю каратэ-до спорт түрінің  Президенті.

Бала күнінен баптаған ұстазы Фархат Мурсалиев та осы спорт түрінен талай белестерді бағындырған жан, қара белбеу иегері, Алматы облысы бойынша осы  спорт түрінің жетекшісі, спорт шебері.

«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген сөз осыдан шықса керек. Міне, осындай шебер бапкерлерден шыңдалып, талаптануының арқасында Алихан 50-ден аса алтын-күміс жүлделерге ие болып, алты дүркін еларалық чемпиондық атақтарға ие болған, қызыл белбеу, спорт шеберінің үміткері.

Алихан Тоғызбай 2011 жылы 26 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келген. Әкесі Ермек Тоғызбайұлы, анасы Динара Ер-жанқызының, ата-әжесі Тоғызбай Нұр-сейітұлы мен Хабиба Текенқызының берген тағылымды тәрбиесі арқасында биік белестерді бағындырып, жас чемпиондардың қатарын толықтырды.

– Алихан балам үлкендердің ақ тілек, баталарымен, ата-анасының күш-жігер беріп, ынталандырып, дайындықтан қалдырмай қадағалауының арқасында биік-биік шыңға шығып, асуларды бағындырып отыр. Баламызды үлкен жеңісімен құттықтай отырып, осы бағы-тынан талмай, әлем чемпионы атануына тілектеспіз және осы мақсатқа жетуге барымызды саламыз. Сонымен қатар, баламыздың чемпион атануы үшін талмай тер төгіп, жігерін жанып, талабын шыңдаған бапкерлері Нұрлан Керімбаев пен Фархат Мурсалиевке айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, 5 сыныпқа дейін білім алған Есік қаласындағы Абылай хан  атындағы орта мектеп пен Алматы қаласындағы №92 Махатма Ганди атындағы мектеп-лицейінің ұстаздарына ұлымызды білім нәрімен сусындатып, болашаққа сенімді қарауға баулығандары үшін ризамыз – дейді атасы Тоғызбай Нұрсейітұлы.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 6231 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Халықтың…

Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету…
Қар 19, 2025

Электронды темекінің жасөспірімдер…

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен…
Қар 19, 2025

Консервіленген өнімдерді қолданудағы…

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда…
Қар 19, 2025

Гендік модифицирленген өнімдердің…

Гендік модифицирленген өнімдер (әрі қарай - ГМӨ) – биотехнология әдістері арқылы геномына…
Қар 13, 2025

Қазақстан Республикасы …

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі…
Қар 13, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет