Бейсенбі, 30 Мамыр 2024 12:31

Жаһан жүйрігінің жүлдесі

Жуырда Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында аты әлемге әйгілі атлет, КСРО-ның спорт шебері, ҚР құрметті спорт қайраткері, әлемдік марафондардың бірнеше дүркін чемпионы, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Алпыс Ермағамбетов атындағы марафон өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Аманжол Ақанбаев құттықтау сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі. Құттықтау сөз алған жарыс иесі Алпыс Арықбайұлы да өз кезегінде жеңіл атлетика – спорттың падишасы екенін тілге тиек етіп, асыл спортқа көңіл бөлу, барынша дамыту қажеттігін айтты.

Ақши ауылы Бөлек батыр атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Медалханұлы:

– Спортпен тұрақты түрде алпыс жылдан астам уақыт айналысып, әлем марафондарының бірнеше рет жеңімпазы атанған, экватор бойымен жерді 5 рет айналып өткен рекордшы, сансыз белесті бағындырған Алпыс Арықбайұлы ұлтымыздың ұлы спортшысы, ұрпақ мақтанышы, – деп спорт ардагеріне алғысын білдіріп, саламатты өмір жолына тоқталып, даңқты спортшының иығына шапан жапты.

Жүйріктер додадасына  қатысқан ерлер, әйелдер 5 000, 3 000, 800, 100 метр, қашықтықтарында бақ сынасты. Сонымен қатар сайыс жеңіл атлетиканың 3 000 метрге «спорттық жүріс», «найза лақтыру» «диск лақтыру»  түрлерін де қамтыды. Жарыс соңында жекелей жеңімпаз қызжігіттерге мақтау қағазы, медальдар мен сыйлықтар табыс етілді. Ал, командалық есеп бойынша І орынға Есік қаласы ие болса, ІІ орын Бәйдібек би ауылына берілді, ІІІ орын тұғырына Тескенсу ауылы жайғасты.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 5410 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет