Бейсенбі, 01 Тамыз 2024 10:57

Олимпиада шыңы: ел деген, ерлеген Елдос Сметов

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҰРАНЫ – «ТЕЗІРЕК, ЖОҒАРЫРАҚ, КҮШТІРЕК» ДЕГЕН СӨЗДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН. ҚЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЗДЫҚ БОЛЫП ЕКІГЕ БӨЛІНЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ ТӨРТ ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛІП ТҰРАДЫ.

 

Расында біздің отандаста-рымыздың арасында олимпиада десе делебесі қозбайтыны кемде-кем. Тәуелсіздік туы желбірегелі еліміздің небір ұлықты ұлдары мен қылықты қыздары әлемнің түпкір-түпкірінде көк байрағымызды көтеріп, Гимнімізді шырқады. Жеңіс тұғырына көтеріліп, мемлекетіміздің атын әлемге танытқан чемпиондарымыз бұл күнде «еліміздің нағыз мақтаныштары» деп сеніммен айта аламыз. Оларға қарап көптеген жас буын бой түзеп, спортпен шұғылданды, елдің құрметі бөлек болды.

Бұл жолы да алтын асық-тай жігіттеріміз бен күміс қасық-тай қыздарымыз «олжасыз оралмаймыз» деген арман-сеніммен Париж қаласын бетке алды. Биылғы Олимпиадаға Қазақстаннан 79 спортшы аттанды, олар спорттың 20 түрі-нен бақ сынап жатыр.

Қазақстандықтар үшін Олимпиаданың алғашқы күнін-де тарихи жеңіс орын алды. Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, қоржынымызға алтын салды. Бұл алтынды спортшы да, жанкүйерлері де көптен күткендіктен, орны бөлек қуаныш болды. Елдос Сметов дзюдодан Азия, әлем чемпионы атанғаны бәріне мәлім. Дегенмен кез келген спортшы үшін қандай жетістікке жетсе де Олимпиада шыңын бағындыру ең негізгі арман екені белгілі.

60 келі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов финалға жету жолында өзі сынды бір елдің сенімін арқа-лап келген небір мықты балуандардан сүрінбей, айла-сын асырды. Финалда ел көкейінде жеңіске деген үміт аз болғаны белгілі. Себебі, қарсыласы жарыс қожайыны болып саналатын франциялық дзюдошы Лука Мхелидзе болатын. Яғни төрешілер тарапынан әділетсіздіктер орын алуы мүмкін деген күдік басым болды. Елдос финалда қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқ-талуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындап, айқын жеңіске жетті. Елдос Сметов қатарынан үш бірдей Олимпиадада жүлде алған екінші қазақстандық спортшы атанды. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола алған еді. Бұл жолы жігері мұқалмаған батыр ұлға алтын бұйырды. Сондай-ақ Елдос Бақытбайұлы дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Ел мерейін өсіріп, төбемізді көкке жеткізген айтулы жеңіс қалған спортшыларымызға да шабыт беріп, жеңісті жол жал-ғасады деген ойдамыз.

30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның қоржы-нында 1 алтын мен  2 қола бар. Пневматикалық мылтық-пен ату сайысында Александра Ле және дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.

Әзірлеген Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 4473 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет