Талантты адам қай салада, қай істе де алда. Әрекетінде берекет, нәтиже бар. Жастайынан спортты жанына серік еткен қорамдық марафоншы Рахымжан Қасқабасов еркін күрестен ҚазКСР-нің спорт шеберлігіне үміткер, футболдан спорт шеберлігіне үміткер, жеңіл атлетикадан спорт шебері атанып, еліміздегі «Қазақты танытқан қара домалақтар» спорт жүлдегерлеріне арналған, «Спорт – достық әлемі», сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданының тарихы мен танымал тұлғалары жазылған Н.Сарғожаевтың «Алтын адам атамекенім», балалар мен жасөспірімдер туризімінің академигі Т. Тұяқовтың«Тауда туған тағдыр талғамайды» атты кітаптарында арнайы мақала жазылғаны – талантты марафоншының шыққан межесінің айғағы емес пе?!
Спорт – жүз, ұлт, не тіл талғамайтын, бейбітшілік пен достықтың символы болып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойына қайсарлық, батылдық пен өжет-тілік, табандылықты сіңіретін, олар-дың алдына қойған мақсатына қол жеткізетін, төрткүл әлем мойындаған сала. Спорттың сан алуан түрінен биік межелерді бағындырып, елімізді әлемге танытып, көк туымызды көкке желбіретіп жүрген азаматтарымыз қаншама! Бүгін сондай биік белестен көрініп, артына өшпестей із қалдырып, кейінгі жастарға үлгі бола білген кейіпкеріміз – Рахымжан Әлсейітұлы туралы болмақ.
Рахымжан тек Қазақстанның ішінде ғана емес, Ресейдегі «Қазақстан жы-лы» іс-шарасы аясында өткен Алматы – Астана – Мәскеу – Санкт-Петербург арасындағы, ұзындығы 4875 шақырым болатын марафонда жеңімпаз атанып, ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назар-баевтың қолын алып, алғысына бөлен-ген азамат. Бүгінде жасы 66-ға келсе де, «сыры кетсе де сыны кетпеген» қауқарлы.
Рахымжан Әлсейітұлы 1959 жылдың 10-ақпаны күні Қорам ауылында дүние-ге келді. Тағдыр оның шымыр, қайсар болып өскенін қалағандай, ауыр сынын жіберіп, жастайынан алақанынан сипап, айналатын анасынан ерте айырды. Әкесі Әлсейіт Қасқабасов Ұлы Отан соғысының ардагері. Жеңіспен келген бейбіт күнннің көркін кіргізу мақсатында Қарағандыда тылда жұмыс істеп келген соң ауылда тракторшы болып, зейнетке шыққан еңбек адамы еді.
Мектепте оқып жүріп, Рахымжан спортқа, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Мектепте жақсы оқып үлгілі тәртібі ескеріліп, оны «Артек» пионер лагеріне 3 айға дем алуға жіберді. Жастайынан спортқа етене жақын өскен Рақымжан Қорамнан Шелекке жаяу жүгіріп келіп жүріп, еркін күрестен жаттықтырушы Асан Тоққожаев пен Рыскелді Жақабаевтың қарамағында жаттығып, ҚазКСР спорт шеберлігіне үміткер атанды, әрі кейін өзі шәкірттерге бапкер болды.
Мектепті үздік бітірген ол – қаржы саласын таңдап, 1976 жылы Кеңестік сауда техникумының бухгалтер бөліміне оқуға түсті. 1977-1979 жылдары Кеңес әскері қатарында Ресейде Отан алдындағы борышын өтеді. Елге оралған соң оқуын одан әрі жалғастырып, алғашқы еңбек жолын Қаратұрық жұмысшылар кооперативінде тексеруші болып бас-тады. Қаржылық білімін жоғарылатып, Алматыдағы «Ревизорская» мектебін аяқтап келгеннен кейін Қорам кеңшары директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Одан кейінгі жылдары «Спорт әдіскері», «Азаматтық қорғаныс» штабының маманы да болды.
Еңбек ете жүріп, спортты да бір сәт есінен шығарған жоқ. Спортты бес жасынан бастаған азамат, мектепте жүргенде-ақ жүгіру, секіру жарыстарында, спорт спартакиаларында жеңіс тұғырына көтеріле білген болатын. Міне, содан бері спортты өзіне серік етіп, футболдан да танымал ойыншы атанды. Түрлі жүгіру жарыстарына, марафондарға да қатысты. Тынбай талпынып, талантымен танымал марафоншы атанды. Атап айтсақ, 2002 жылы 850 шақырымдағы «Айналайын, Аралым!» марафоны, екі рет Райымбек батырдың 300 жылдығына орай өткізілген 300 шақырымдық «Алматы – Шелек – Кеген» марафоны, «Аңырақай» шайқасы, Д.А.Қонаевтың туған күні қарсаңында өткізілген 90 шақырымдық «Алматы – ҮАК» марафоны, Ең үлкен 2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылы және Санкт –Петербургтың 300 жылдығына орай бір ай бойы Қазақстан желаяқ марафоншылары болып қатысқан марафонына қатысты. Соңғы марафонда оларды ел Президенті мен қала мэрі Яковлев қарсы алды.
Талантты адам қандай істе де қабілетті болады. Алыс қашықтыққа жүгірудің өзі үлкен ерлік емес пе? Бір емес бақандай үш спорт түрінен – еркін күрестен, футболдан, жеңіл атлетикадан танымал сторшы атану екінің бірінің қолынан келе бермейтін жетістік.
Оның жеткен жетістігі туралы жер-гілікті бұқаралық ақпарат құралдары да жарыса жазды. «Бегом до Санкт-Петербурга», «Бегом до Бартогая», «Финиш: Санкт-Петербург» мақалаларында Рахымжан Әлсейітұлының марафон-дағы жеңістері мен жетістіктері туралы жазылған. Ол халық атынан шығып, ел сенімін ақтай білді. Еңбегі де еленбей қалған жоқ. «Алматинский клуб марафонцев» – клубының мүшесі Рахымжанның есімі «Қазақстан спорт» кітабына енген. 2003 жылы Туризм және спорт агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыхановтың қолынан Құрмет Грамотасын алып, сонымен қатар көптеген Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстанның алтын кітабына есімі жазылып, № 1430 куәлігімен медалінің иесі атанды.
Рахымжан талантты спортшы, атақ-ты марафоншы ғана емес, отбасын-да арқа сүйер азамат, асқар тау – әке. Жары Өсімхан Ілдебайқызы екеуі екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсіріп, құт-ты орындарына қондырып, олардан тараған немерелерінің қуанышына бөленуде.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.