Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 14:46

Өркендей бер, Қазақстан!

Өркендей бер, Қазақстан! mezet.kz

Спорт бүгінгі дәуірде бейбітшілік пен татулықтың символына айналғаны баршаға аян. Өйткені, спорт мемлекттер арасындағы достық пен бәсекені үндестіріп, бейбіт қоғамға жетелейтін кілт іспетті. Сонымен бірге, халық денсаулығы мен береке-бірлігінің де ұйытқысы осы спорт екені даусыз. Аудан тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстанып, спортты өзінің жансерігіне айналдыру үшін бүгінде атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Ол үшін спорттық жарыстар мен акциялар жиі өткізілуде. Бұл жағынан ауданымыздың жеткен жетістіктері де біршама.

Аудан тұрғындары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, оларды саламатты өмір салтына шақыра отырып, ауыл тұрғындары арасында үстел теннисі ойынын насихаттау мақсатында жуырда Шелек ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен және Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің, сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы жас-тар ресурстық орталығының қолдауларымен Шелек ауылына қарасты Абай атындағы  орта мектебінің спорт залында ауыл тұрғындары арасында «Өркендей бер, Қазақстан!» атты үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді.  Оған 50-55 жас аралығындағы азаматтар мен 18-29 жастағы жастар қатысып, бәсекеде өз бақтарын сынады.

Жарысқа Шелек, Масақ, Бартоғай, Сөгеті, Малыбай, Асы және Қорам ауылдық округтерінен жалпы елуге жуық ойыншы қатысты. Аталмыш ойынға Абай атындағы  орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Өскенбаев төрелік жасап, ойынның әділ өтуіне атсалысты. Сайыс барысында  қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп өнер көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша, 3 орынды Малыбай ауылдық округінен келген А.Избуллаев иеленсе, 2 орынды Шелек ауылдық округінің тұрғыны Б.Көкенов пен Қорам ауылдық округінен келген С.Айтолқын қанжығаларына байлады. Ал 1 орынды Асы ауылдық округінің тұрғыны Т.Иманбеков пен Шелек ауылының қатысу-шысы Қ.Айтжанов жеңіп алды. Жарыстың шегі саналатын бас жүлде мен кубок Шелек ауылдық округінің намысын қорғаған Н.Сүтбековке бұйырды. Осылайша үстел теннисінен өткізілген дүбірлі жарыс өз мәресіне жетті.

 

Н.ИСАБЕКОВА,

 Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.

Оқылды 1562 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өркендей бер, Қазақстан! Өркендей бер, Қазақстан! »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 10, 2025

Пестицидтерді қолдану кезіндегі…

Пестицидтер — ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін…
Сәу 10, 2025

Фаст-фудтың зияны

«Фаст - фуд» - термині ағылшын тілінен аударғанда «тез тағам» деген мағынаны білдіреді.…
Сәу 10, 2025

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал…
Сәу 10, 2025

Генетикалық модификацияланған…

Генетикалық модификацияланған өнімдердің (ГМӨ) зияны туралы мәселе ғалымдар мен мамандар…
Сәу 10, 2025

Безгектің сақтық шаралары

Безгек - паразитпен шақырылатын, науқас адамнан сау адамға маса шағу арқылы берілетін,…
Сәу 09, 2025

Жақында «Алатау лигасының» жаңа…

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба –…
Сәу 08, 2025

Алматы облысы бойынша Тексеру…

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы 2024 жылы 22 тиімділік аудитін, 1 – сараптамалық…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет