– Шыны керек, мұндай тартысты жарыс жиі бола бермейді. Чемпионатта тек үздіктер бақ сынады. Біздің спортшыларымыз да тыңғылықты дайындықпен барды – дейді бапкер, самбо және әскери самбо күресінің жаттықтырушысы Ерлан Салықов.
Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында 57 кг салмақта Әсет Нағашбаев І орынды иеленді. ІІ орын Нұрбол Ахмедуллаевқа бұйырып, Ербол Ахмедуллаев ІІІ орынға табан тіреді. Ал ересектер арасында өткен бәсекеде Жандос Жеңіс 62 кг салмақ дәрежесінде үздік үштікті қорытындылады. Жартылай ақтық сайыста 66 кг салмақта Мұхтар Абылай өз інісімен кездесті. Алайда, бауырымен жұдырықтасудан бас тартқан Мұхтар жеңісті інісіне берді.
70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айдын Сейітмұрат пен Нұрсұлтан Жұбатыров, 61 кг салмақта Ұлан Бақберген үздік ойындарымен қазылар алқасының алғысына бөленді.
Сардарбек НҰРАДИН.


Жақында оңтүстік астанамызда ересектер мен жасөспірімдер арасында ережесіз жекпе-жектен (ММА) Алматы қаласының чемпионаты өтті. Оған Алматы қаласы мен облыстан 200-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 9 бала аудан намысын қорғады.
