Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:04

Жүлдемен оралды

Нұра – Елмұрат  Қайыпжанов, тағы басқа да елге танымал балуандарды түлеткен ауыл. Алысқанды алып ұратын Елмұраттай жас ізбасарлар ауылда көптеп өсіп келеді. Оған облыстық жарыста түгел жүлдемен оралған жас нұралықтардың жеңісі дәлел.

 

Райымбек ауданының Тегістік ауылында айтыскер ақын Оразалы  Досбосыновты еске алуда жасөспірімдер арасында қазақша күрестен облыстық жарыс ұйымдастырылды жақында. Оған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Сәтжан Шарғынов пен Берік Мәметниязовтың баптаған балуандары бақ сынап, түгел жүлдемен оралды. Ақтық белдесуде Ермахамет Оразалы 26 кг, Ақжігіт Насыр 32 кг, Ерасыл Ақтығай 35 кг, Жандос Түлкібай 42 кг салмақ бойынша қарсыластарының бәрінен үстем шығып жеңімпаз атанса, Шыңғыс Тумабек пен Ілияс Түлкібай 35, 42 кг салмақта екінші жүлделі орынды иеленді. Сондай-ақ, Несіпбек Әлімбай 38 кг, ал Дияс Жанболат 46 кг салмақта жүлделі үшінші орынды місе тұтты. Ақынның туған топырағынан жеңіс жалауын желбіретіп, жүлдегер атанып ауылға оралған оқушыларын О.Жандосов атындағы мектеп директоры Ысқақ Салманов күтіп алып, болашақта да жеңістің төрінен көріне берулерін тіледі. 

Ержан НҰРЖАУОВ,

О.Жандосов атындағы мектептің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Оқылды 2784 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жүлдемен оралды Жүлдемен оралды »

Соңғы жаңалықтар

Маус 05, 2025

Демалыс базалары мен орындарын ашуға…

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен…
Маус 05, 2025

Жануардың тістеуінен жарақат алған…

Қандай да бір жануардың (үй жануары, жабайы жануар, ауылшаруашылық малдар, кеміргіштер…
Маус 05, 2025

Автожанармай құю және автогаз құю…

Автожанармай құю станциясы (ЖМҚС), автогаз құю станциялары (АГҚС) – бұл мұнай өнімдерін…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Джасыбаев Талғат Серікқалиұлы, 1982 жылы 4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім.…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шолпанбаев Ернар Нұрланұлы, 1986 жылы 19 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қорам аулында…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Еркетай Хатаман, 1988 жылы 12 желтоқсанда Монголия мемлекеті Баян-Өлгейде дүниеге…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әжібек Еламан Сапарғалиұлы, 1996 жылы 30 мамырда Шелек ауылында дүниеге келдім.…
Маус 05, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет