Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 10:24

Еңбек ардагерінің құрметіне өткен жарыс

Ақши ауылының дамуына өлшеу-сіз еңбегін сіңірген ауданымыздың құрметті азаматы Заманбек Ақшал-ұлының 85 жасқа толған мерейтойын ауылдастары қуанышпен атап өтті.

 

Мереке Ақши орта мектебінде талантты оқушылардың концерттік бағдарламасымен басталды. Концерт барысында сөз алған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тілеулес Ұзақов, спорт ардагері Болат Толыбаев, ардагерлер арасындағы волейбол федерациясының президенті Низамдун Исламов, Ақши орта мектебінің директоры Салтанат Жошыбаева Заманбек атамыздың өмір баянынан сыр шертіп, ел үшін, жер үшін еткен орасан зор еңбектерін еске алды. Заманбек Ақшалұлы – Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. 1956 жылдан бастап ауданымыздың мектептерінде  басқару қызметінде жұмыс атқарып келген. 1970-1984 жылдар аралығында Ақши орта мектебінде директор қызметін атқарған. Ғылым, оқу-ағарту, мәдениет салаларына өзгеше серпілістер әкеліп, Ақши ауылы мен мектебі бұрын-соңды болмаған үлкен жітістіктерге жетіп отырған. 1970-1992 жылдары ауылдық, аудандық кеңестер депутаты болған. Жалпы білім саласында 42 жыл еңбек еткен. Ерен еңбектері үшін көптеген медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сондай-ақ, Заманбек Ақшалұлы  кезінде волейболдан спорт шебері болғаны да айтылды. 85-тің сеңгіріне келген ақсақалға шын жүректерімен құттықтау лебіздерін жеткізген жандар, атамыздың иығына шапандарын жапты.

Нұрланбек Көрпебаев пен Берік Сембаевтың ұйымдастыруымен бұл күннің ең маңызды оқиғасы мерейтой иесінің құрметіне волейболдан өтетін турнир еді. Еңбекшіқазақ ауданынан «Бірлес» командасы, Іле ауданы, Шелек ауылы, Жаркент қаласы, Ұйғыр ауданы және Есік қаласы, жалпы саны 6 команда бақтарын сынады. Жарысқа қатысқан спортшылардың барлығы жастары 50-ден асқан азаматтар болды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. «Сырлы аяқтың сыны кетсе де, сыры кетпейді» дегендей спорт ардагерлері волейболды қалай ойнау керектігін көрсетті. Жанкүйерлерді таң қалдырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, І орынды «Шонжы» командасы алып, ІІ орынды «Бірлес» командасы иеленді, ІІІ орын «Шелек» командасына бұйырып, ІV орынға «Жаркент» командасы лайық деп табылды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаға кубок тапсырылды.

Ойын соңында Нұрланбек Көрпебаев жарысқа қатысушыларға, турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткен Заманбек ағамыздың балаларына алғыс білдіріп. Бүгінгі кубок айналымда жүретінін, болашақта осы турнир жыл сайын дәстүлі түрде өтетінін айтты.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 2315 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 16, 2025

Медициналық қызметті жүзеге асыру…

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020…
Сәу 16, 2025

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі өте маңызды мәселе болып табылады. Ойыншықтар…
Сәу 16, 2025

Су тасқыны кезінде жұқпалы…

Су тасқыны - бұл табиғи апат, адам өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар экожүйеге үлкен…
Сәу 16, 2025

Туляремия

Туляремия - особо-опасное, природно-очаговое инфекционное заболевание. Возбудитель…
Сәу 16, 2025

Медициналық көмек көрсетумен…

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – ол пациенттің медициналық қызметтерді…
Сәу 16, 2025

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік…

Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметші қызметінің жоғары…
Сәу 15, 2025

Марафон “Ұлы дала жорығы”:…

В Алматинской области продолжается активная подготовка к международному марафону «Ұлы…
Сәу 15, 2025

«Ұлы дала жорығы» марафоны

Өткізу мерзімі мен орны:* 2025 жылдың мамыр айында* Алматы облысы • Жарыс мәліметтері:*…
Сәу 14, 2025

Қазақстанның энергетика саласы…

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет