Жұма, 10 Шілде 2020 15:38

Өткен күндер белгілері

Газеттің бергі тарихынан сөз бастасақ, мәңгі мызғымастай болып көрінген Кеңес Одағының іргесі шайқалып тұрған сексенінші жылдардың соңында «қайта құру», «жариялылық» деген саяси өзгерістер болып жатқан кезең еді. Ызғарлы желтоқсанның лебі басыла қоймаған кезең. Бірақ сол 1986 жылы қазақ жастарының бас көтеріп, кеңестік орталықтың шешіміне қарсы шығуы еліміздің тәуелсіздікке басқан ірі қадамы деп бағалауымыз керек. Бұл ықпалды қозғалыс ұлттық сана-сеніміміздің, дәстүр-салтымыздың жаңғырып, қайта оралуына жол салды. Сол сексенінші жылдар соңында жыл басы Наурыз мерекелене бастаған еді. Газет беттерінде осы көктемнің әдемі көріністері, ұлттық  нақышта тойланған жыл басы көптеп басылып, жастардың санасына сіңіріліп үлкен серпіліс тудырды. Ең қызықтысы, әлі де Кеңес Одағының құрамында тұрған Қазақ Республикасының Мәскеудегі тұрақты өкілеттігінің (бүгінгі елшілік) ұйымдастыруымен сол Мәскеудің ең үлкен Замоскворецкий мәдениет үйінде мыңдаған жерлестеріміз бен тұрақты тұрғындарының қатысуымен Наурыз мерекесі тойланғанын көзімізбен көріп, дастарханынан дәм тату бақыты бұйырған еді. Дәл сол наурыз айында сол бұрынғы кеңестік орталық – Мәскеуде біліктілік көтеру бір айлық курсында едім.

Сол курстың идеологиялық бағытын-дағы лекция-семинарларынан жасырын шығып кетіп, компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істеп жатқан ірі баспахананың жұмыс тәжірибесінен деректер алып едім. Кейіннен газетімізді компьютерлік терілімге алғашқылар қатарында көшіру мүмкіндігіне қолғабыс болды осы тәжірибе.

Ал тоқсаныншы жылдар тарихына оралатын болсақ, алдымен бұрынғы Кеңес Одағының, оның құрамындағы Қазақ Республикасының тарихына көз тастамай болмайды. Алдымен Балтық жағалауы   республикалары шықты Одақтан, кейіннен Кавказ аумағындағы елдер, Орталық Азия мемлекеттері, ең соңында біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Бұл бір қиындығы да, қызығы да мол «тоқсаныншы» деген ат алған жылдар еді. Қызығы еліміздің 86-дағы «ызғарлы» желтоқсанынан кейінгі Тәуелсіздіктің ыстық лебі ескен болашаққа деген үкілі үмітке, биік арманға толы жылдар десек те болады. Газетіміздің бір материалында бұрынғы райком, қазіргі әкимат ғимаратында кеңестің қызыл туы қалып қалғаны қатты сынға алынса, екінші бір суретте «Ура! Уроков не будет – учителя бастуют» деген сынып тақтасындағы бормен жазылған жазу өтпелі кезеңнің қиындығын меңзеп тұрғандай. Өйткені кеңестік рубль аймағынан шығып қолға өз валютамыз өмірге келмеген қиын шақ еді. Бұл сынақтан да еліміз аман өтіп, дербес мемлекеттік белгілер – шекара, валюта және рәміздерді бекітіп, «көк туды желбіреткен» заман туды. Рәміздер демекші 1992 жылдың жазында газетіміздің редакциясы археология институтының қолдауымен Есік обасынан табылған Алтын адамның реконструкция дейміз бе, реставрация дейміз алтын киімді сақ ханзадасының мүсінін Есікке жеткізіп, көрме ұйымдастыруға қол жеткізіп еді Бекен-аға Нұрмұханбетов археологтың, әйгілі ғалымдар Кемал Ақышевтің, Карл Байпақовтың көмегімен. Сол 1992-нің жазында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Есіктегі Алтын адам көрмесіне келіп, сақ ханзадасының бас киіміндегі қанатты аттардың алға ұмтылу символдық мағынасын Бекен археологтан сұрап түсінік алып, разылығын білдірген болатын.

Газеттің ұйымдастырушылық, насихат-таушылық қызметіне белсене араласып сол Алтын Адам көрмесі мен отандық тарих ғылымын алға бастыруға ақпараттық көмек көрсеткен сол кездегі қызметкерлері Игорь Тураниннің, Мұрат Нақатаевтың, Маржан Аспандиярованың еңбектерін ерекше атап өту керек. Қазақстанның Журналистер Одағы бұл еңбекті атап та өткен еді – осы жолдар авторына және Мұрат Тойғанбайұлына, Маржан Хасенқызына Одақ сыйлығының лауреаты атағын беру жолымен.

Тоқсан жылдық тарихы бар газетіміздің алғашқы санын 1930 жылы бүгінгі «Егемен Қазақстанның» ол кездегі «Еңбекші қазақ» республикалық газетінің қызметкері журналист-жазушы Аманғали Сегізбаев шығарып, кейін біраз уақыт басқарған. Өкініштісі майдангер А.Сегізбаев соғыстың соңында оққа ұшты. Сол бүгінгі «Егемен Қазақстанның» жүз жыл бұрынғы «Еңбекші қазақ» атымен ауданымыз абыроймен аталып келеді. Тоқсан жылдығы тап бүгінгі 10 шілдеге келіп отырғандықтан ақпарат ретінде оқырманға ұсынып отырмыз. Қазіргі ушығып тұрған коронавирус карантиніне байланысты редакциядағы кездесу, дөңгелек үстел, пікір алмасу сияқты көпшілікті қатыстырумен өткізілетін іс-шараларға тежеу қойып отырмыз. Бірақ online режімінде жұмыс жасау тоқтатылмайды. «Газет-тарихы» «аудан-тарихы» рубрикасымен материалдар жариялау да жалғаса бермек.

 

Хайролла Ахметжанов,

бас редактор

Оқылды 14215 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет