Сәрсенбі, 15 Шілде 2020 14:36

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат САРАБЕКОВ: Спортпен айналысушылардың саны артуда

«Спорт – денсаулық кепілі». Бұл сөз қай заманда да өзектілігін жоғалтқан емес. Сол үшін де осы салаға көптеп көңіл бөлініп, қазақстандықтардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалуда. Тіпті, баршамызды төрт қабырғаға қамаған коронавирус індеті кезінде де спортпен айналысамын деушілерге көшеге шығып, жаттығу жасауға рұқсат етілді. Себебі, спорт – көптеген аурулардың таптырмас емі. Ауданымызда да спорт саласына ерекше көңіл бөлінген. Спорт алаңдары ретке келтіріліп, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарлануда. Атқарылып жатқан осындай игі шаралар жайымен толығырақ танысу мақсатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековпен сұхбаттасқан едік.

– Ерболат Сарабекұлы, ауданымызда бұқаралық спортқа қаншалықты көңіл бөлінуде?

Салауатты өмір салтын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту аясында бұқаралық спорттық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу қамтамасыз етіл-ген. Бүгінде ауданымызда адам үшін осыншама маңызға ие дене тәрбиесі мен спортты дамытуға барынша жағдай жасалып жатыр.

Аудан бойынша спорт инфрақұрылымы қарқынды дамытылуда. Бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастырып, өткізуге арналған 395 спорт құрылымы  бар. Оның ішінде 90 спорт залдар, 1 стадион, садақ атуға арналған тир саны – 54, жазықтық құрылғылар – 245, алаңдар – 166 және 78 спорттық алаң жұмыс  істейді.

Жетістіктеріміз де жетерлік. Аудан спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Жалпы спорт саласы Талдықорған қаласынан кейінгі 2 орынға тұрақтады. Жоғарғы жетістіктер спортын дамыту, спорт резервін дайындау, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын таба береді.

– Шелек ауылында да спорт кешені ашылады деп жоспарланған еді.

– Иә, Шелек – тұрғындар саны мен аумағы жағынан ең ірі ауыл. Сондықтан, Шелек жастарына спорт кешені қажет. Осы орайда, Алматы  облысының құрылыс басқармасымен жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін 50 млн 544 мың теңге  бөлініп, «Капремпроект» ЖШС 2019 жылдың  шілде айында тендерді жеңіп алды. Осы жылдың қазан айында жобалау сметалық  құжаттамалары дайын болады. Спорттық-сауықтыру кешенін 2021-2022 жылдары  салу жоспарлануда.

Ауданымыздың спорт пен дене шынықтыруды дамыту үшін спорттық нысандар желісін жаңғырту және кеңейту үшін Түрген, Өрікті, Тескенсу, Байтерек, Малыбай, Бөлек, Қорам, Шелек, Бәйдібек би  ауылдарына  спорттық кешендер 2021-2025  жылдары  салынады деп күтілуде.

– Бижанов ауылындағы мемлекетке қайтарылған спорт кешеніне жөндеу жұ-мыстары жүргізіліп жатыр ма?

– «Рухани жаңғыру» бағ-дарламасының аясында ауыл кәсіпкерінің демеушілігімен тұрғындар игілігі үшін сыйға тартылған ғимарат 2018 жылы мемлекет меншігіне қайтары-лып, 2019 жылы жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында және Бартоғай ауылдық округінің  тұрғындарын спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, 2020 жылдың желтоқсан айына дейін Бижанов ауылындағы К.Ибраимов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі.

Оның сыртында, Ақтоған ауылында спорттық алаңды жөндеу үшін 6 млн теңге  қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Түрген  ауылдық округінде спорттық алаңды жөндеуден өткізу үшін 9 млн теңге қарастырылып, мердігер «Сапа стандарт» ЖШС  құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2019 жылдың тамыз айында Амангелді ауылындағы Садыр атындағы орта мектебінде ауданы 648 шаршы метрді құрайтын шағын футбол алаңы салынды. Оған бюджеттен бөлінген 6 млн 100 мың теңге қаржы толықтай игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатқа ашық конкурс нәтижесінде «Жаңай Құрылыс 7» ЖШС жеңімпаз атанып, 9 млн теңгеге Бөлек ауылының спорт алаңына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Есік қаласының  жоғарғы футбол алаңы абаттандырылады.

– Спортсүйер азаматтарға барлық жағдай жасалуда. Нәтиже бар ма?

– Әрине, ауданымыздағы спорттық-материалдық базаның нығаюы – аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылардың саны артып, жалпы аудан  халқының 29,8  пайызын, яғни,  89 438 адамды құрады.

Аудандағы барлық мектептерде кешкі уақытта және сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қоғамдық негізде тегін спортпен айналысуына жағдай жасалған.

Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін, дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарынан 26 спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларға штат бөлінген болатын. Алматы облысы әкімінің қолдауымен және облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының спорт кешендерінің  халыққа қолжетімді  болу хатына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық спорт мектебінде кешкі сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін ауданда жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен мамандары және аудан жастарына спортпен шұғылдануға, спортзал мен жабдықтарды тегін пайдалануға рұқсат етілген.

Ауданда 8 бильярд, 3 жаттығу зал халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, көпт-ген спорт түрлерінен секциялар жұмыс істеуде. Атап айтқанда,  баскетболдан, волейболдан, футболдан, гандболдан, үстел теннисі секілді 85-ке жуық спорт секция жұмыс атқарады. Дзюдодан, бокстан, самбодан, еркін күрестен, гір спорты, жеңіл атлетикадан, шахмат, дойбыдан 40-қа жуық спорт секция жұмысын істейді. Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалған емес. Қазақша күрес, көкпар, тоғыз құмалақ, теңге ілу, асық ату, саятшылық, аударыспақ сынды секцияларда тұрғындар дайындалады.

– Балалар мен жасөспірімдер спорты қай деңгейде?

– Бұл бағыттағы спортты дамыту мақсатында жалпы аудан бойынша 2 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт мектептерінде спорттың 18 түрі дамытылуда. Спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғыдан артып 1811-ге жетті.

– Барлық жетекші саланың тұралауына себепкер болған коронавирус спорт саласына қалай әсер етті?          

– «Коронавирус» пандемиясының белең алуына орай 16 наурыздан 25 мамырға дейін аудандық  спорттық-мәдени іс-шараларға және оқу-жаттығуға уақытша тыйым салынды. Карантин уақытында үй жағдайында аудандық команда мүшелері онлайн жаттығуға көшті. Барлық спорттық ғимараттар (спорт залдары, фитнес орталықтары, спорт секциялары, спорт клубтары) карантин уақытында жабылды. Спорт жөніндегі нұсқаушылар мен жаттықтырушылар да онлайн жаттығу режимге көшті.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Баймұхамбетовтың «Алматы облысының аумағында карантин және карантинді шараларды босаңсыту туралы № 12 Қаулысының негізінде 25 мамырдан бастап ашық ауада (спорт алаңдары, ипподромдар), көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жеке және топтық дайындық  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жарыстардың басым көпшілігі онлайн режимінде өткізілуде.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Әңгімелескен

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 1429 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет